Ақиқат іздеген жолаушы

Ақиқат іздеген жолаушы

«Кімді іздейсің?» деген дауыс шықты іштен.

«Ақиқатты іздеп жүрмін» деді сырттағысы дауыстап.

«Ағат келіп қалған екенсің, менің атым – жаңылыс» деді іштегі дауыс. Осыны айтты да, есікті тарс жауып алды.

Жолаушы содан ары тағы іздеп кетті. Талай дариядан өтті, талай асулардан асты, бірақ, ақиқатты таба алмады. Осыдан кейін ақиқат пен жаңылыстың біріне-бір қас жау екендігі рас болса, онда ақиқаттың қайда екендігін жаңылыс білуі ғажап емес қой деген ойға келді жолаушы. Сонымен ол жаңылысты тағы іздеп келді.

Жаңылыс: «Оны өзім де іздеп жүр едім» деді де, есігін жауып алды.

Жолаушы үмітсізденген жоқ, біраз айналсоқтап жүрді де, жаңылыстың есігін қайта қақты. Жаңылыс оған суық жүзін аларта қарап, онымен айқайласа жөнелді. Дәл осы мезетте көрші есік ашылды. Ол сірә, мына айғай-шудан, дамылсыз есік қағыстан оянып кетсе керек.

«Апырай» деп күбір ете түсті жолаушы: «Сені де табатын күн бар екен-ау, сен ақиқат емессің бе?!» деп дауыстап жіберді.

Сонымен ақиқат жаңылыспен қабырғалас тұратын болып шықты. Адамдар ақиқатты қай-қашанда жаңылыстың есігін қайта-қайта қағып барып табады.

 

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: sc.com

M. Auelkhan