Көктем! Келесі аптаның 7 ісі

Көктем! Келесі аптаның 7 ісі

 

 

Аптаның басты күні әлбетте, ерке көктеммен ере келген 8 наурыз мерекесі болмақ. Бұл күні әже, ана, әпке-қарындас, сүйіктілеріңізді құттықтауды ұмытпаңыздар. Апта бойы сыйлықтар туралы ойланып, нәзік жандылар тағатсыздана күтетін бұл күнді есте қаларлықтай қылып өткізуге тырысыңыз!

 

 

Қыс бойы бірнеше келі салмақ қосып алыппыз. Артық салмақ қыспен бірге қалсын!  Әлі де диетаға отыру кеш емес, бір-екі аптада өзіңізді қуыршақтай қылып алуыңызға мүмкіндік бар!

 

 

Сонымен қатар, қыстан әбден шаршаған бет терісін де бір қуантатын кез келді. Бет терісіне маска жасап, сұлулығыңызды паш етіңіз!


 

 

Апта соңында бір демалып, достарыңызбен бірге жаңа шыққан "Сегізінші тамыз" фильмін тамашалаңыз. 

 


 

 

Массагет форумындағы  "Орыс сөздерін қазақшалайық!!!" тақырыбына қатысыңыз. Ауызекі тілдегі орыс сөздерін ана тілімізге аударып алып қолданайық.

 

 

 

Биылғы түлектер, ҰБТ тапсыру жақындап қалғанын сезіндіңіздер ме? Қорықпаңыздар! Одан да, болашақ мамандық жайлы соңғы, нақты шешім қабылдаңыз. Қазір - таңдау жасайтын кез. ЖОО таңдағанда, армандарыңызды шектемеңіз. Мысалы, Кембридж, Гарвард, Токио немесе Калифорния университетіне түсу маңдайыңызға бұйырып тұрған болар. Шет елден бұрын, өзіміздің Назарбаев университетінің  студенті атанып қаларсыз...

 

 

Наурыз - көшет отырғызатын кез. Жер үй тұрғындары бұнымен жақсы таныс. Сондықтан, осы уақытты қалт жібермеңіз. Ал егер пәтерде тұрсаңыз, терезе алдындағы гүл құмырасына кез келген тұқымды егіп көріңіз.