Ұйқы гигиенасы: денсаулықты жақсартудың 7 принципі

Ұйқы гигиенасы: денсаулықты жақсартудың 7 принципі
Фото: ru.freepik.com

Ұйқы ғалымдардың үлкен қызығушылығын тудырады. Себебі олар сапалы ұйқының болмауы артық салмаққа, иммунитеттің түсуіне, репродуктивті денсаулық пен когнитивті қабілеттердің нашарлауына, Альцгеймер ауруының даму қаупі мен екінші типті диабеттің артуына тікелей әсер ететінін баяғыда анықтап қойған. Деніңіз сау болу үшін мына пайдалы әдеттерді қалыптастыру керек.

1. Бір уақытты ұйықтап, бір уақытта тұрыңыз;

2. Жатын бөлмені қараңғылатыңыз және желдетіңіз;

3. Спортпен кешке айналыспаңыз;

4. Кешке майлы, калориялы, тәтті тамақ жемеңіз және алкоголь ішпеңіз. Сондай-ақ кешкі асқа көп тамақ жемеуге тырысыңыз;

5. Күннің екінші жартысында шоколад жемеңіз және кофе ішпеңіз;

6. Ұйықтар алдында темекі тартпаңыз;

7. Жарты сағат бойы ұйықтай алмай жатсаңыз, медитативті музыка немесе табиғат дыбысын қосып, ойларыңызды ұйқысыздықтан жағымды нәрсеге ауыстырыңыз. Бұл жылдам ұйықтап кетуге көмектеседі.

А. Жапатова