Суреттен не байқадыңыз? Психологиялық тест

Суреттен не байқадыңыз? Психологиялық тест
Фото: ru.freepik.com

Психологиялық тесттер көпшілікке ұнайды және олар арқылы кей сұрақтардың жауабын алуға болады. Көзіңізді жұмып, денеңізді бос ұстап, содан соң төмендегі суретке қараңыз. Көзіңізге бірінші не түсті?

Үйрек

Егер алдымен үйрек көрсеңіз, сіздің оң жақ жартышарыңыз сол жаққа қарағанда басым. Бұл сіздің гуманитарлық салаға жақын екеніңізді көрсетуі мүмкін.

Қоян

Егер бірінші болып қоянды көрсеңіз, сол жақ жартышар оң жаққа қарағанда басым. Бұл сіздің гуманитарлыққа қарағанда техникалық салаға жақын екеніңізді білдіруі мүмкін.

А. Жапатова