Ағзаны токсиндермен улайтын 3 әдет

Ағзаны токсиндермен улайтын 3 әдет
Фото: ru.freepik.com

Біздің өміріміз үйреншікті әдеттерден тұрады. Біз таңертең ұйқыдан тұрған соң шай ішеміз, жұмысқа бара жатып әлеуметтік желіні бір қарап шығамыз, кешке серуендеп қайтамыз және т.б. Біздің әдеттеріміз ағзамызға айтарлықтай әсер етеді. Тіпті, сирек жасалатын әдеттердің өзі ағзаға әсер беруі мүмкін. Мысалы, ағзаны токсиндермен улайтын әдеттер де бар. Оларға не жатады?

Киімдерді химиялық тазалауға тапсыру

Киімді химиялық тазалайтын жерлерде перхлорэтилен ерітіндісі қолданылады. Ол мүмкін канцероген бола алады. Ол бауыр, бүйрек және орталық жүйке жүйесін зақымдауы мүмкін.

Консервіленген өнімдер жеу

Тағамдық консервілерде жиі кездесетін бисфенол А (BPA) ерлер бедеулігін, жүрек ауруын және диабетті шақыра алатын гормон болып саналады.

Пластикалық бөтелкені көп рет қолдану

Пластикалық бөтелкені қайта-қайта пайдалану ағзаға зиян. Сондықтан оның орнына көп рет қолдануға арналған әйнек ыдыс қолданған дұрыс.

А. Жапатова