Ер мен әйелде түрлі жас. Психолог қай жаста отбасын құрған дұрыс екенін айтты

Ер мен әйелде түрлі жас. Психолог қай жаста отбасын құрған дұрыс екенін айтты

Кейбіреулер 25 жаста отбасын құруға дайынмын деп санайды, ал басқалары 35 жаста да үйленуге асықпайды. Психолог қай жасқа дейін үйленуге (тұрмыс құруға) асықпау керегін  айтып берді.

Қазіргі жастар өзінің жасындағы ата-анасынан ерекшеленеді

"Кейінгі онжылдықта психологиялық жетілу жасының ұлғаюы айқын байқалады. Қазіргі 20 жастағылар 20 жастағы ата-анасынан мүлдем өзгеше. Ал заң ересектерді маңызды шешімдер қабылдауға қабілетті және оның салдары үшін жауапты деп танығанымен, психология тұрғысынан алғанда, 18 және 22 жастағы замандастардың көпшілігі әлі де жасөспірімдер саналады" , – дейді психолог Александр Шахов.

• некеге тұрудың орташа жасы 23-25 ​​жас,

• ажырасу саны 60-65% құрайды.

Еуропада:

• некенің орташа жасы – 28-32 жас,

• ажырасу 34% құрайды.

Психологиялық жетілу

Сарапшы психологиялық кемелдену әйелдерде 28-30 жаста, ерлерде тіпті кейінірек, 32-34 жаста болатынын айтады.

"Сондықтан мен осы жасқа дейін үйленуге кеңес бермеймін. Әрине, екі жас бір-бірін сүйіп тұрса, оларға отбасын құруға ешкім тыйым салмайды. Үйленуге, ажырасу, тағы да шаңырақ көтеру әркімнің өз таңдауы. Бірақ балалы болуға асықпаңыз", - дейді Александр Шахов.

Психолог отбасын құрып, балалы болғанға дейін қарым-қатынас тәжірибесін алуды ұсынады.

"Жас жігіттер көбінесе отбасына сөз жүзінде ғана дайын болады. Отбасын асырау, күнделікті өмірде көмектесу және балаларды тәрбиелеу қажеттілігіне тап болғанда олар әйелді қиындықтармен жалғыз қалдырады. Әйелдерде аналық инстинкт бар, жігіттер еркіндікті жақсы көреді. Сондықтан асықпаңыз! Өзіңіздің кім екеніңізді түсінуге уақыт беріңіз, әртүрлі адамдармен қарым-қатынаста тәжірибе алыңыз, сізге қандай адам керек екенін түсініңіз, өзіңізді кәсіпте табысқа жетіңіз, аяққа тұрыңыз", – дейді Александр Шахов.

Айта кетейік, бұған дейін психолог Лабковский қандай қыздар тұрмысқа шықпайтынын айтқан болатын.

Маманның айтуынша, өзіне сенімді адам басқа адамдардың – тіпті ең жақындарының  пікіріне де тәуелді емес. Психолог өзін-өзі бағалауы адекватты әйелдердің мүлдем тұрмысқа шыққысы келмейтінін айтады.

Т. Раушанұлы