14 ақпанда ер адамға не сыйлауға болады? 50 идея

14 ақпанда ер адамға не сыйлауға болады? 50 идея
Фото: ru.freepik.com

Елімізде ғашықтар күні 15 сәуір тойланады. Бірақ 14 ақпан – Әулие Валентин күнін сүйіктісіне тағы бір рет сезімін білдіруге себеп ретінде пайдаланатын жұптар бар. Егер сүйіктіңізге сыйлық беремін деп шешсеңіз, біз ұсынған идеяларға мән беріңіз. Әдетте, әйелдерге қарағанда ер адамға сыйлық таңдау қиын. Сондықтан бүгін ерлерге арналған сыйлықтар тізімін ұсынуды жөн көрдік.

Сағат

Егер сүйіктіңіз қолына сағат таққанды ұнатса немесе таққысы келетінін айтқан болса, бұл жақсы сыйлық. Бұл аксессуарды алмас бұрын оған қандай түрі ұнайтынын білдіртпей сұрап көрсеңіз болады.

Белдік

Ерлерде әйелдерге қарағанда аксессуарлар аз. Сондықтан бұл жағынан аса таңдау жоқ. Белдік – ер адам міндетті түрде тағатын зат. Сондықтан оның жақсы әрі сапалы түріне мән беріңіз.

Свитер

Сүйіктіңізге стильді әрі сапалы киім таңдасаңыз болады. Мысалы, трикотаж свитер немесе жемпір кез келген гардеробқа үйлесе кетеді.

Әмбебап кроссовка

Барлық ер адам кроссовка жақсы көреді. Егер қандай түрін аларыңызды білмесеңіз, минимализм стильдегі түрін таңдаңыз.

Әтір

Әтір – сүйіктіңізге арналған жақсы идея. Егер оның қандай хош иісті жақсы көретінін білсеңіз, таңдау қиындық тудырмайды.

Ықшам аккумулятор

Серігіңіздің телефонының қуаты үнемі бітіп жүре ме? Оған сыйлыққа ықшам аккумулятор беріңіз.

Электр ұстара

Сүйіктіңіз қырынатын болса, оған сапалы электр ұстара алып берсеңіз болады. Мұндай гаджет терісі сезімтал адамдарға жақсы келеді. Сондай-ақ ол уақытты үнемдеуге көмектеседі.

Көлікке арналған ұялы телефон ұстағыш

Сүйіктіңіздің көлікте ұялы телефонды қолына ұстап отырғанын байқасаңыз, оған арнайы ұстағыш сыйлауға болады. Мысалы, одан навигаторды бақылап отыру ыңғайлы.

Сондай-ақ мына сыйлықтарға мән беріңіз:

·        Қызықты кітап;

·        Сүйікті спортшының нөмірі бар футболка;

·        Ноутбук;

·        Смарт-сағат;

·        Қандай да бір қызметке бір жылдық онлайн жазылым;

·        Моншаға арналған жинақ;

·        Жарықтандырылған пернетақта;

·        Сымсыз құлаққап;

·        Музыкалық бағана;

·        Квестке билет;

·        Ақылды оятқыш;

·        Стильді шамадан;

·        Әмиян;

·        Бейнеойын;

·        Смартфон;

·        Үстел ойыны;

·        Парашютпен секіруге сертификат;

·        Су құюға арналған спорттық бөтелке;

·        Спорттық киім;

·        Электрлік тіс щеткасы;

·        Пультпен басқарылатын тікұшақ ойыншығы;

·        Әлем картасы;

·        Қолшатыр;

·        Мини-гольф;

·        Қалта шам;

·        Белге арналған сөмке;

·        Спорттық шейкер;

·        Қабырғаға арналған турник;

·        Қол бұлшықетін жаттықтырушы құрал;

·        Күннен қорғайтын сапалы көзілдірік;

·        Басқа массаж жасайтын құрал;

·        Бейнетіркеуіш құрал;

·        Көпфункционалды қалам;

·        Есімі жазылған халат;

·        Спорттық термокиім;

·        Төлқұжатқа арналған былғары қап;

·        3D-конструктор;

·        Жаттығу залына абонемент;

·        Ортопедиялық жастық;

·        Қолғап;

·        Үйге киюге арналған тәпішке;

·        Қырынуға арналған жиынтық;

·        Ұялы телефонға арналған қап;

·        Сүйікті музыканттың концертіне билет.

А. Жапатова