Дәрігер қыста өте ыстық сусын ішудің қаупін айтты
Фото: Unsplash

Дәрігер қыста өте ыстық сусын ішудің қаупін айтты

Медицина ғылымдарының кандидаты, гастроэнтеролог Алексей Парамонов өте ыстық сусындардың зияны туралы айтты.

Дәрігердің айтуынша, ыстық тамақ, оның ішінде сусындар үшін оңтайлы температура Цельсий бойынша 70 градус шамасында. Бұл сусынның тез суып кетпеуі үшін қолайлы температура екенін, бірақ сонымен бірге өңешке қауіпсіз екенін баса айтты

Маман қызуы 90-100 градусқа жақындаған сорпа сияқты ыстық сусындар мен сұйық тағамдардың күйік тудыратынын ескертті.

"Бұл күйікті тіпті сіз білмей қалуыңыз мүмкін. Кейде тамақты бірдеңе қырып өткен сияқты болады. Бірақ бұл үнемі қайталанатын болса, өңеш қатерлі ісігінің қаупі артады", - деді дәрігер.

Гастроэнтеролог сондай-ақ өте ыстық сусындарды ішу әдетке айналған елдер бар екенін еске салды, мысалы, Моңғолияда адамдар осыны әдетке айналдырған. Ал бұл, маман атап өткендей, халқы өңеш қатерлі ісігімен ауыратын елдердің бірі.

Айта кетейік бұған дейін гастроэнтеролог суды ыстық немесе салқын ішкенде не болатынын айтқан болатын.

Т. Раушанұлы