Балаңыз аптаның қай күні дүниеге келді? Оның әлсіз және мықты тұстарын біле жүріңіз  

Балаңыз аптаның қай күні дүниеге келді? Оның әлсіз және мықты тұстарын біле жүріңіз  
Фото: Ернар Алмабек

Неліктен кей балалар бір орында отыра алмайды, басқалар қырсық, ал тағы біреулері қиялшыл келеді? Астрологияда оған адамның дүниеге келген апта күнін басқаратын планета әсер ететінін айтады. Бұл ерекшеліктерді ескерсеңіз, баланың жақсы жағынан ашылуына көмектесе аласыз.

Дүйсенбі

Аптаның бірінші күні дүниеге келген балалар өте мейірімді және жандары нәзік келеді. Олар үшін қоғамның, яғни балабақшадағы немесе мектептегі достарының мойындағаны маңызды. Дүйсенбіні Ай басқарады, ол адамның шығармашылық қабілеттерін күшейтеді. Дүйсенбіде дүниеге келген балалар болашақта нашар ортадан алшақ жүруге тырысу керек, себебі Айдың жағымсыз әсері - кез келген тәуелділікке жылдам түсіп кетуі.

Дүйсенбіде дүниеге келген балалар сезімтал келеді және интуициясы жақсы дамыған болады. Олар нақты ғылымдарды, мысалы, математика немесе физиканы қиын меңгеруі мүмкін. Дүйсенбіде дүниеге келген балаларды мектепке асықпай берген дұрыс.

Сейсенбі

Бұл күні дүниеге келген адамдарды жылдам планета Марс басқарады. Олар барлық нәрсені бірден істеп тастағысы келеді. Сейсенбінің балалары жиі спортшы, олимпиада чемпионы, әскери қызметкер немесе автомобиль ісінің шебері болып шығады. Егер болашақта жанында күшті серіктес болса, саяси лидер және тіпті, президент бола алады. Олар ақпаратты жылдам қабылдауымен ерекшеленеді.

Сәрсенбі

Бұл күнді Меркурий басқарады. Сәрсенбіде дүниеге келген балалардан керемет келіссөздер жүргізуші және оратор шығады. Олар сондай-ақ жақсы сатушы және мұғалім болады. Бірақ жағымсыз тұстары да бар: олар өтірік айтуға немесе манипуляция жасауға бейім болуы мүмкін.

Бейсенбі

Бұл күннің планетасы - Юпитер. Олар ерекше балалар. Олар шектеуден шыққанды, жаңа, үйреншіксіз және біртүрлі нәрселерді жасағанды жақсы көреді. Олар барынша дамығанды, жақсы білім алғанды қалайды. Олардан мықты ғалымдар, дәрігерлер, өнертапқыштар шығады. Мектепте үлгерімі нашар болуы мүмкін, бірақ кейін жоғарғы оқу орнында және өмірде өзін көрсетеді. Бейсенбі дүниеге келген балаларға ашылуға мүмкіндік беріп, қоршаған ортаға деген қызығушылығын басып тастамау маңызды.

Жұма

Жұма күнді махаббат және сұлулық планетасы Шолпан басқарады. Бұл күні барлығына ұнай кететін және дауысы құлаққа жағымды балалалар дүниеге келеді. Жұма күннің балалары өздерінің харизмасымен және ішкі жарығымен жетістікке жетеді. Олар өте шығармашыл келеді. Олардан жақсы дизайнерлер, әртістер, фотографтар, суретшілер шығады.

Жұманың балалары жақын қатынасқа ерте түсуі мүмкін. Сондықтан жыныстық тәрбие беруді ұмытпаңыз.

Сенбі

Бұл күнді шектеулер мен тәртіп планетасы Сатурн басқарады. Сенбіде дүниеге келген балаларды қатал өсіру керек. Олардың мықты кәсіпкер болуына мүмкіндік бар. Сондай-ақ олар мансапқұмар келеді. Жиі өте бай болады.

Жексенбі

Жексенбіні Күн басқарады. Бұл күні дүниеге келген балалардың талғамы жақсы, күтімді әрі әдемі келеді. Көпшілік назарында болғанды жақсы көреді. Жексенбіде дүниеге келген балаларды міндетті түрде мақтау керек. Егер оларды бағаламаса және мақтамаса, олар қиналады. Сонымен қатар, олар кек алғыш келеді.

А. Жапатова