"Өзгерістерге дайын болыңыз". Жұлдыз жорамал: 12.12.2022 - 18.12.2022

"Өзгерістерге дайын болыңыз". Жұлдыз жорамал: 12.12.2022 - 18.12.2022
Фото: news.sb.by

Азайып бара жатқан Ай аптасы - істерді аяқтайтын уақыт. Ең бастысы, асықпаңыз, себебі ретроградты Меркурий кезеңі басталды. Планета жағдайларға терең анализ жасауға, өзіңізге артық уақыт қалдыруға және кез келген өзгерістерге дайын болуға шақырады.

Тоқты
20 наурыз – 19 сәуір

Жоспарыңызға әсер ететін шұғыл істер шығуы мүмкін. Бірақ ол үшін көңіліңізді түсірудің қажеті жоқ, сіз барлығына үлгересіз. Егер жұмыс ауыстыруды жоспарлап жүрген болсаңыз, сәтті пайдаланыңыз. Бұл кезең мүлік сатып алуға, жөндеу жұмыстарын жасауға және көшуге қолайлы. Бұл жұлдыз белгісінің жалғызбасты өкілдері романтикалық кездесуді күтсе болады.

Торпақ
20 сәуір – 20 мамыр

Сізді тәуекелді және шығынды жобаға тартуға тырысады, сондықтан шешімді асықпай, ойланып қабылдаңыз. Осылайша, өзіңізді қаржылық шығыннан құтқарасыз. Бұл кезеңде кей Торпақтар ата-ана атанады және отбасылық байланыстарын қатайтады. Бұл апта достық және туыстық кездесулерге, романтикалық танысуларға қолайлы.

Егіздер
21 мамыр – 20 маусым

Бұл жұлдыз белгісі өкілдері өмірлік энергия мен шабыттың келгенін сезеді. Олар серіктестер, басшылық және достар ұсынған кез келген жобаға қатысуға тырысады. Бірақ шамаңызды біліңіз, бірден барлық іске кіріспеңіз. Жақын адамдарыңызбен араласу кезінде қиындықтар, келіспеушіліктер болуы мүмкін.

Шаян
21 маусым – 22 шілде

Бұл апта жоспар құруға, білім алуға, ақпарат жинауға қолайлы болмақ. Өзіңізге келіссөз жүргізуші рөлін алыңыз. Ол сіздің қолыңыздан келеді. Отбасыда келіспеушіліктер туындауы мүмкін, сондықтан жақындарыңыздың пікірін тыңдаңыз және біржақты шешім қабылдамаңыз.

Арыстан
23 шілде – 22 тамыз

Жаңа жобаны қолға алу керек болады. Одан қорықпаңыз, сіз басшылық қойған тапсырмаларды орындай аласыз. Белсенді болуға тырысыңыз: жалқаулық және мүмкіндіктеріңізді асыра бағалау — сіздің басты жауларыңыз. Қаржылық жағынан аздап қиындықтар болуы мүмкін. Жоспарсыз ештеңе сатып алмаңыз және қарызға кірмеуге тырысыңыз.

Бикеш
23 тамыз – 22 қыркүйек

Бұл кезеңде ескі проблемаларды жоюға мүмкіндік туады. Жасырын резервтер мен дарыныңызды қолданып, әрекет етіңіз. Энергетикалық потенциалыңыз жоғары, бұл қаржылық тұрақтылыққа қол жеткізуге көмектеседі.

Таразы
23 қыркүйек – 22 қазан

Табысқа жету үшін сізге білім мен кәсіби дағды ғана емес, сондай-ақ оптимистік көзқарас та керек. Күшіңізге сеніп, алға жылжыңыз. Жұмыста жанжалдар туындауы мүмкін, сондықтан өсекшілерден аулақ жүріңіз.

Сарышаян
23 қазан – 21 қараша

Бұл апта және жалпы осы ай — жоспар құруға, әріптестермен, серіктестермен және басшылықпен сөйлесуге қолайлы уақыт. Іскерлік келіссөздер керемет нәтиже береді. Егер бизнгеспен айналыссаңыз, табыстың жақын екенін сезесіз. Бұл аптада қаржылық сала өкілдері, мұғалімдер және шығармашыл қызметкерлерге сәттілік серігі болмақ. Апта соңында бұрынғы таныстарыңызды кездестіруіңіз мүмкін.

Мерген
22 қараша – 21 желтоқсан

Көпшілік Мергендер энергия жетіспеушілігін сезеді, әрине, бұл жұмысқа әсер етеді. Егер мүмкіндік болса, еңбек демалысын алыңыз. Бұл күшіңізді қалыпқа келтіруге және кәсіби қателіктер жібермеуге көмектеседі. Отбасыңызбен көбірек уақыт өткізуге тырысыңыз.

Тауешкі
22 желтоқсан – 20 қаңтар

Бұл аптада қарсыластарыңызбен араласуға және әріптестеріңізбен қатынас құруға мәжбүр боласыз. Іскерлік серіктестермен және басшылықпен келіспеушіліктер туындауы мүмкін. Кәсіби қабілеттеріңізді көрсетіңіз, өзіңізді сенімді ұстаңыз және міндетті түрде өз көзқарасыңызды дәлелдейтін аргументтерге ие болыңыз. Отбасылық проблемалардан қашпаңыз, әйтпесе ол одан сайын қосыла береді. Нервозды атмосфера хал-жағдайыңызға жағымсыз әсер етуі мүмкін. 

Суқұйғыш
21 қаңтар – 18 ақпан

Көпшілік Суқұйғыштар қаржылық сұрақтарды және ыңғайсыз жаңдайларды шешемін деп шаршаңқылық сезеді. Жұлдыздар артық жүктемеден аулақ болуға шақырады. Ең болмағанда, демалыс күнді өзіңізге арнаңыз. Егер заң тұрғысынан қандай да бір қиындықтар туындаса, интуицияңызға немесе өз біліміңізге сенбей, маман көмегіне жүгініңіз.

Балықтар
19 ақпан – 19 наурыз

Бұл апта Балықтар үшін шағырмашылық жобаларды жүзеге асыруға, келіссөздер жүргізуге және іскерлік кездесулерге баруға қолайлы.  Егер басшылық біліміңізді арттыратын курстардан өтуді ұсынса, бас тартпаңыз. Қаржылық жағдай жақсарады, жалақыңыз өсуі немесе мансаптық өсім болуы әбден мүмкін.

А. Жапатова