Дәрігер асқазан ауырмау үшін тағам қандай температурада болу керегін айтты

Дәрігер асқазан ауырмау үшін тағам қандай температурада болу керегін айтты
Фото: shutterstock.com

Тамақты үнемі жылытудың қажеті бар ма, әлде бөлме температурасында, тіпті тоңазытқыштан да жеуге бола ма? Осы сияқты маңызды сұрақтарға гастроэнтеролог, гепатолог Наталья Марченко Sputnik радиосына берген сұхбатында жауап берді.

Бала кезімізден үйдегі ыстық тағам жеу денсаулық үшін өте маңызды екенін үйретеді. Дегенмен, қазіргі адамдардың кейде түскі асты жылытуға, әсіресе жұмыста түскі ас кезінде уақыты да, мүмкіндігі де болмайды. Ешкім салқын тағам жегеннен ауырып қаламыз деп ойламайды.

Дәрігердің айтуынша, үнемі ыстық тамақ ішудің қажеті жоқ. Тағамның идеалды температурасы бөлме температурасы немесе одан да жақсырақ – адам денесінің температурасына тең.

Дегенмен, кейбір тағамдар үшін ыстық температура қолайлы. Мысалы, майды салқын күйінде жесек ол ағзаға нашар сіңеді. Ал белгілі бір диагнозы бар адамдар үшін ыстық тағам керісінше зиян. Олардың суық балмұздақтан да бас тартқаны жақсы. Өйткені мұндай тағам асқазан-ішек жолдарының шырышты қабығын тітіркендіреді.

Ыстық тағамнан мынадай ауруы бар адамдар бас тартқан жөн:

• эзофагит;

• өңештің шырышты қабығының тітіркенуі;

• рефлюкс ауруы;

• асқазанның эрозиялық және ойық жаралы зақымдануы.

Марченко мұндай диагнозы бар адамдарда тоңазытқыштағы тамақтың өзі спазмды тудыруы мүмкін екенін атап өтті.

Т. Раушанұлы