Ағзаны улайды: биолог қураған жапырақтың қаупін ескертті

Ағзаны улайды: биолог қураған жапырақтың қаупін ескертті
Фото: sterhluki.ru

Қураған жапырақ, өкінішке қарай, топырақ пен қоршаған ортаға зиян. Сондықтан мамандар оны қалада қалдырмай, қоқысқа тастау керегін айтады.

Қараша айының соңы – күз бен қыстың ауысу кезеңі. Осы айда қураған жапырақтың түсетін кезі. Кейбіреулер олар шіріп, топыраққа тамаша тыңайтқыш болады деп сенеді, басқалары шіріген жапырақтар көшелерде артық қоқыс тудырады деп есептейді.

Биология ғылымдарының докторы Анча Баранова қураған жапырақтың денсаулыққа да зиян келтіретінін айтады.

Баранованың айтуынша, эко белсенділер қураған жапырақты жинап, қоқысқа тастамай жерде қалған дұрыс деп есептейді. Бұл қате пікір.

Біріншіден, үлкен қалалардағы жапырақтарда көптеген зиянды заттар жиналады. Осы себепті, егер жапырақтар жойылмаса, топырақ, керісінше, көбірек зардап шегеді.

Екіншіден, жапырақтардың барлық зияны мұнымен бітпейді. АҚШ-тың Ұлттық геодезиялық қызметінің мамандары ұсынысында жапырақтарды қоқысқа тастауды қатты талап етеді. Өйткені, шіріген жапырақтар эвтрофикацияны тудыруы мүмкін.

Дерматовенеролог Максим Клюкиннің айтуынша, егер су қоймасында жапырақ кесірінен эвтрофикация туындаса, онда шомылу мүлдем мүмкін емес.

Оған шомылған адамда: мынадай белгілер пайда болады:

• дерматит;

• жүрек айнуы;

• диарея;

• құсу.

Сондықтан күздің аяғында жиналмаған жапырақтар жазда денсаулыққа байланысты проблемаларға әкелуі мүмкін.

Айта кетейік, бұған дейін күзде неліктер жапырақты өртеуге болмайтынын жазған едік.

@massaget.kz #жапырақ#күз#осень#листья#қазақстан#казахстан#рек#хочуврек#autumn#күзгібақ ♬ оригинальный звук - Massaget.kz
Т. Раушанұлы