Жұмыссыз қалдыңыз ба? Сізге қажет болуы мүмкін 3 кеңес

Жұмыссыз қалдыңыз ба? Сізге қажет болуы мүмкін 3 кеңес
Фото: ru.freepik.com

Адамның қаншалықты тәжірибелі, еңбекқор және өнімді болғанына қарамастан, оны қандай да бір жағдайларға байланысты жұмыстан шығарып жіберуі мүмкін. Жұымысынан айырылған кез келген адам күйзеліске шалдығады. Өзін-өзі бағалауы төмендейді. Бұл жағдайда не істеуге болады?

1. Ашуға кететін энергияны жаңа жұмыс іздеуге қолданыңыз

Кей мансап бойынша кеңесшілер үзіліс алып, келесі қадамдарыңызды асықпай ойлануды ұсынады. Алайда, сізді жұмыстан шығарып жібергенде ашу бой алатыны анық. Ал мансап бойынша басқа кеңесшілер осы ашу энергиясын жаңа жұмыс іздеуге жұмсауға кеңес береді.

Бір қызығы, көпшілік жақында жұмыссыз қалатынын алдын ала біледі, бірақ ештеңе істемей жүре береді. Әр жұмыс істейтін адам жұмыссыз қалса, не істейтінін ойластырып жүргені дұрыс. Егер ары қарай не істеу керегін түсінбей жүрсеңіз, өзіңізге мына сұрақтарды қойып көріңіз:

- Бұл жағдайдан қандай сабақ алдым?
- Бұрынғы жұмыста не дұрыс емес болды?
- Менің әлсіз және мықты тұстарым қандай?
- Болашақ жұмысымнан не алғым келеді?
- Қанша ақша төлесе де, қандай шарттарға келісім бермеймін?

2. Еңбек келісім-шартын бұзу кезінде жұмыс берушіні тиімді шарттарға көндіруге тырысыңыз

Жұмыс берушілер қызметкерді заңсыз жұмыстан шығарса, олармен соттасудан қорқады. Әсіресе, «қауіп тобына» әйелдер, 40 жастан асқан ерлер және мүмкіндігі шектеулі адамдар жатады. Іс сотқа дейін жетпес үшін жұмыс берушілер қызметкерге ымыраға келуді ұсынады: бірнеше айлық, сақтандыру сыйлықақысы, жақсы мінездеме жазып беру және т.б. Сізді жұмыстан шығарып жіберген кезде қызуға салынып, құжаттарға қол қоя салмаңыз. Алдымен ойлануға бірнеше күн сұрап, заңгермен кеңесіңіз. Содан соң егер жұмыс беруші ешқандай өтемақы ұсынбаса, оны өзіңіз талап етіңіз.

3. Жаңа жұмыс берушіге шындықты айтыңыз

Жаңа жұмыс берушімен сөйлескенде не айтатыныңызды немесе ілеспе хатқа не жазатыныңызды алдын ала ойластырып қойыңыз. Шындықты айтқан жөн. Әрине, жалпы өтірік айтқан дұрыс емес және біркүні шындықтың беті ашылады. Сондай-ақ шын оқиға әдемі өтіріктен гөрі жақсы әрі шынайы естіледі. Тіпті, сіздің жұмыссыз қалуыңыздың себебі жағымсыз болса да, оны жаңа жұмыс берушіге ашық айтыңыз. Өзіңіздің жетістіктеріңізді айттып, сізге мүмкіндік беруін сұраңыз.

Сізді бір рет емес, бірнеше рет қабылдамауы мүмкін. Бірақ ерте ме, кеш пе сіздің адалдығыңызды, ал кейін қабілеттеріңізді бағалайтын адам табылады.

Күйзеліс пен мұңаю — жұмыссыз қалған адамның тұрақты серіктері. Бірақ жұмыссыз қалудың жақсы тұстары барын да ұмытпаңыз: өмірдің жаңа кезеңі басталады. Жұмысқа деген қатынасыңызды өзгертіңіз, жетістіктеріңізге назар аударыңыз, әлсіз тұстарыңызбен жұмыс істеңіз және мақсатыңызға жеткізетін жұмыс іздеңіз.

А. Жапатова