Астролог қарашаның сәтті және қарбалас күндерін атады

Астролог қарашаның сәтті және қарбалас күндерін атады
Фото: ru.freepik.com

Танымал астролог Павел Глоба өзінің телеграм-каналында 11-19 қараша аралығына арналған болжам ұсынды.

Жексенбі мен дүйсенбіде (13 және 14 қараша) Ай Шаян белгісіне кетіп, қызықты аспан конфигурациясын құрады. Ол бізге пайдалы инсайттар мен жаңа мүмкіндіктер береді. Бұл күндері қиын жағдайларды шешуге тырысыңыз.

Ал сейсенбі мен сәрсенбі — 15 және 16 қараша — ештеңе бастамаған жөн. Бұрыннан қалыптасқан негативті процестер іске қосылады. Бірақ егер жасампаздықпен байланысты жақсы бірдеңені жүзеге асыруды жоспарласаңыз, тек алға! Сіз оң нәтижеге жетуіңіз әбден мүмкін.

Жұма мен жексенбіде (18 және 19 қараша) Марспен және Нептунмен байланысты басқа аспект күшіне енеді. Бұл кезеңде келіспеушіліктер болуы мүмкін. Эмоцияларыңызды ұстауға және арандатушылыққа берілмеуге тырысыңыз.

А. Жапатова