Келесі аптаның 7 ісі

Келесі аптаның 7 ісі

Алдағы аптаның басты оқиғасы - көптен күткен көктемнің басталуы. Бұл кезде табиғат жанданып, жаңарады. Сіз де көктемнен әлдебір өзгеріс күтесіз....Бірақ, өзгерісті өзіңіз жасаңыз! Мысалы, ұялы телефоныңыздың дыбысын өзгертіңіз!

Соңғы рет кітапты қашан оқығаныңыз есіңізде ме? Кітап оқу ой-өрісті дамытып, есте сақтау қабілетін жақсартады. Теледидар қарағанда қиялдамай, жай ғана отырасыз, миыңыз еш дамымайды, ал кітап оқығанда ойлау үдерістерінің бәрі қосылып, қиялыңыз шарықтап кетеді! Келесі аптада сүйікті кітабыңызды қайта оқып, не Massaget.kz редакциясының таңдауы атанған кітаптардың біреуін оқып көріңіздер!

Ескі достарыңызбен кездесу ұйымдастырыңыз. Кешті тамаша өткізіп, болған қызықтарды еске алып қайтыңыз. Өткен уақыт тұрғысынан өзіңізге қарап, қазіргі жағдайыңызға баға бере аласыз. Сондай-ақ, осы кездесуден кейін болашағыңызды да дұрысырақ жоспарлай аласыз.

Апта соңында өзіңізге демалыс жасап, сүйіктіңізбен не достарыңызбен кинотеатрға барып келіңіз. Жаңа басталған фильмдерден «Кейптаун» рұқсат коды атты киноны тамашаласаңыз болады. Аптасына бір рет болса да демалуға болады ғой! 

 Көктем - жаңа өмір. Осы кезде өткен өмірге көз жүгіртіп, орындалмаған армандар мен айналысқыңыз келген істерді еске түсіріңіз (би, спорт, гитара). Арманыңыздың алдында әлсіздік танытпаңыз. Ойыңызды іске асыратын кез жетті! Тіпті, ол Нью-Йоркқа саяхат не жалқаулықты жеңу болса да, ойлағаныңызды орындамай, арманда кетпеу үшін бар күшіңізді салыңыз...

Ауа-райы күннен-күнге жақсарып, дала жылынып келеді. Күннің шуағы әлемді жылылыққа толтырып,  көктем лебі сезіледі. Әне, әлдебір құс та шықылықтай бастады. Осы бір әсемдікті жаяу жүріп тамашалаңыз! Көбірек жаяу жүріп, өмірдің ғаламатын сезініңіз!


Қыстың соңы баршаға авитаминоз, күштің тапшылығы, бас ауруы мен әлсіздік, көңіл-күйдің түсуімен таныс. Шаштың түсуі де осы кезде көпшілік үшін өзекті мәселе. Осы дерттердің бірден-бір дауасы - бас массажы. Бас массажы қан айналымын ретке келтіріп, шаштың өсуін қалпына түсіреді. Бас ауруынан да жазып, көңіліңізді көтереді. Сондай-ақ....көктемдік сессияға дейін аз уақыт қалды. Миыңызға көмек беріңіз! Бас массажын жасап үйреніңіз.


Форумда ой бөлісейік.

С. А