Ғалымдар мұрын шұқу қауіпті ауру тудыратынын анықтады

Ғалымдар мұрын шұқу қауіпті ауру тудыратынын анықтады
Фото: revivezone.com

Жақында ғалымдар әйелдердің неліктен Альцгеймер ауруының жиі құрбаны болатынын анықтады. Ағзаның ерекшелігі тау белоктарынан дер кезінде құтылуға мүмкіндік бермейтіні, бұл мидың нашар жұмысына әкелетіні белгілі болды. Аталмыш зерттеу 2022 жылға арналған деменцияны зерттеу саласындағы жалғыз маңызды жаңалық емес. Тышқандармен жүргізілген тәжірибелер кезінде қауіпті бактериялар миға иіс сезу жүйесі арқылы еніп, оның бұзылуына әкелетіні байқалды. Ғылыми жұмыс авторлары бұл микробтар лас қолдың мұрынға тиюі нәтижесінде миға енуі мүмкін деген қорытындыға келді.

Мұрын шұқу тек жаман әдет қана емес, сонымен қатар денсаулыққа зиянын тигізеді.

Бактериялар миға қалай енеді?

Аустралиялық Гриффит университетінің ғалымдары тышқандарға жүргізілген сынақ кезінде кеміргіштердің миында хламидофилді пневмонияның (Chlamydia pneumoniae) пайда болуын бақылады. Бактериялар мұрын арқылы миға еніп, иіс сезу жүйкесін жол ретінде пайдаланатыны анықталды. Қоздырғыштардың бас сүйекте көбеюі нәтижесінде ми жасушалары бета-амилоидты ақуызды сақтай бастады. Бұл құбылыс Альцгеймер ауруының ең жарқын белгілерінің бірі саналады.

Бета-амилоидты ақуызбен қоршалған тышқан миындағы Chlamydia pneumoniae бактериялары 

Профессор Джеймс Сент-Джонның айтуынша, Chlamydia pneumoniae бактериялары миға мұрын арқылы енеді.

"Chlamydia pneumoniae мұрын мен миға еніп, кейін Альцгеймер ауруына ұқсас патологияларды тудыруы мүмкін екенін бірінші болып көрсеттік. Бұл тышқандарда қалай болғанын бақыладық және ол адамдарда да солай болуы мүмкін", – дейді зерттеуші.

Мұрындағы иіс сезу жүйкесі сары түспен белгіленген 

Қазіргі уақытта chlamydophila pneumoniae деменцияның дамуындағы рөлі тек жануарларда дәлелденді. Бірақ ғалымдар қазірдің өзінде адамдарда Альцгеймер ауруының дамуындағы олардың рөлін зерттеп жатыр.

Альцгеймер ауруын алдын алу

Зерттеудің толық болмағанына қарамастан, профессор миға бактериялардың енуінен қорғау үшін бірнеше кеңес берді. Егер олар шынымен иіс жүйкесі арқылы еніп кетсе, ең алдымен, мұрынды таза ұстау керек. Сонымен қатар, қолды сабынмен үнемі жуу маңызды, өйткені адам мұрнына қол тигізбей тұра алмайды.

Кейбір дереккөздерде мұрын шұқу әдетінен іште өсіп тұрған түкті қыру арқылы арылуға болады дейді. Өйткені олардың арасында жиналған шаң бөлшектері тітіркенуді тудыруы мүмкін. Дегенмен, қыру кезінде мұрынның шырышты қабаты зақымдалады. Тіпті кішкентай жаралардың болуы миға қауіпті бактериялардың ену қаупін айтарлықтай арттырады.

Мұрын шұқу әдетінен бала кезден арылған жөн

Мұрынның шырышты қабығын зақымданудан қорғау маңызды

Профессор Джеймс Сент Джон сонымен қатар Альцгеймер ауруын диагностикалау үшін иіс сынамаларын қолдануға болатынына назар аударды. Мұны ол мұрынның сезімталдығының жоғалуы аурудың үдемелі белгілерінің бірі деп түсіндірді. Егер мұндай сынақ 60 жастан асқан адамдар үшін міндетті, осылайша оның дамуын бәсеңдетеді.

Қорытындылай келе, ғалымдар әлі күнге дейін Альцгеймер ауруының нақты себептерін білмейтінін еске салған жөн.

Т. Раушанұлы