Қандай температурада бас киім кию қажет – ЛОР дәрігер жауабы

Қандай температурада бас киім кию қажет – ЛОР дәрігер жауабы
Фото: demibaby.com

Суық мезгілде бас киім кимеудің салдары және оны қандай ауа температурасында кию керек екенін ЛОР дәрігері, медицина ғылымдарының кандидаты Наталья Сергеева Sputnik радиосына берген сұхбатында айтты.

Адамның көпшілігі қысқы аяздың басталуына дейін бас киім киюдің қажеті жоқ деп санайды. Дәрігер бұл өте қате түсінік екенін айтады.

"Бас киім қашан киюдің нақты бір уақыты жоқ. Егер ол балаға қатысты болса, мен сізге оны он градус температурада киюге кеңес беремін. Ересек адамдар шамамен бес градус ауа райында бас киім киюі қажет. Бірақ суық жел болса, онда ересектер де балалар сияқты он градуста қалпақ кигені дұрыс. Суық жел болмаса, капюшон бас киімге балама бола алады», - дейді ол.

Ұзын шаш құлақты қорғай алады, бірақ олар бастың жалпы гипотермиясынан құтқармайды, дейді Сергеева.

Дәрігер бас киімнің болмауынан болатын гипотермияның салдарын түсіндірді.

"Созылмалы инфекциялар болса немесе дене әлсіреген болса, кез келген гипотермия ауруға айналуы мүмкін. Көп нәрсе дененің бастапқы күйіне байланысты. Суық күнде бас киім кимеу салдарынан тамақ ауруы, және гайморит туындайды. Бұдан бөлек мұрыннан су ағып, құлақ зардап шегеді», - деп ескертті Наталья Сергеева.

Айта кетейік, бұған дейін дәрігер қатерлі ісікті қандай қарапайым қан анализінен анықтауға болатынын айтқан болатын.

А. Оралқызы