Табиғи газда тамақ пісіресіз бе: ғалымдар оның күтпеген қаупін анықтады

Табиғи газда тамақ пісіресіз бе: ғалымдар оның күтпеген қаупін анықтады

АҚШ-тың бір топ ғалымдары газ плитасында тамақ пісіретіндердің денсаулығына қалай қауіп төнетінін анықтады. Бұл туралы Environmental Science & Technology журналында жарияланған PSE Health Energy зерттеуінде айтылған.

Пассивті темекі шегумен салыстыруға болады

Газдың болуы тіпті газ плитасы өшірілген болса да пәтер тұрғындары үшін ықтимал қауіпті болуы мүмкін. Сіз оларды мүлдем сезбеуіңіз мүмкін, бірақ кез келген жағдайда бұл қауіпті канцероген бензол концентрациясын арттырады. Ол басқа агрессивті аэрозоль – темекі түтіні сияқты денсаулыққа зиянын тигізеді, оны темекі шекпейтін, бірақ темекі шегетіндердің қасында тұрып түтінін жұтатындармен салыстыруға болады.

«Ас үйде  газ плитасының болуы темекі шегетін адам шығаратындай бензол концентрациясын тудыратынын анықтадық», - деді доктор Эрик Лебель.

Бензол неліктен қауіпті?

Халықаралық қатерлі ісіктерді зерттеу агенттігінің мәліметі бойынша, бензол қатерлі ісік тудыруы мүмкін, атап айтқанда – лейкоз, деп жазады InoSMI.

Лейкемия суық тию сияқты

"Ең қауіптісі – лейкоз айтарлықтай ұзақ уақытқа жасырын түрде ешқандай симптомсыз жүреді немесе жұқпалы аурулар сияқты басқа аурулар астында ұзақ уақыт бойы жасырынып қалуы мүмкін. Қандағы өзгерістер басталған кезде ғана лейкоздың дамуына күдіктенуге болады", - дейді дәігер, гематолог Андрей Новицкий.

Оны байқауға болатын белгілер – жалпы әлсіздік, шаршау, аздап терлеу.

Т. Раушанұлы