Аяқты неге дірілдетесіз?

Аяқты неге дірілдетесіз?
Фото: ru.freepik.com

Өміріңізде бір рет болсын аяғыңызды еріксіз дірілдеткеніңізді байқаған боларсыз?! Ал кей адамдардың мұны жиі істейтіні соншалық, тек өздеріне емес, айналасындағыларға да жағымсыздық тудырады. Оған қоса, бұл әдет денсаулыққа қатысты проблемаларды ескертуі мүмкін. Ендеше, аяқты дірілдеткіңіз келуінің себебі неде?

Невроздық бұзылыс

Кей мамандардың ойынша, аяқты дірілдету адамға өзін-өзі тыныштандыруына көмектеседі, себебі ми бұл сәтте мазасыз ойлардан басқа іске көшеді.
Аяқты дірілдету әдетінде тұрған ештеңе жоқ деп ойлау қате. Егер онымен уақытында күресті бастамасаңыз, ол созылмалыға айналып, әрқашан жағымсыздық тудыратын болады. Егер аяқты дірілдетуді психикалық жағдайыңыздың нашарлауымен байланыстырсаңыз, психотерапевт немесе неврологтың кеңесін алыңыз.

Туретта синдромы

Туа біткен генетикалық тарту (дене мүшесінің тартылып қалуы) кезінде адамға Туретта синдромы диагнозы қойылады. Аяқ ауруы себебінен жағымсыз сезім пайда болады. Адам бұл жағымсыздықтан арылу үшін аяғын қозғай береді. Туретта синдромы жиі кешке және түнде пайда болады. Айтпақшы, атақты әнші Билли Айлиш осы аурумен қиналады.

Мазасыз аяқ синдромы

Мазасыз аяқ синдромы кезінде түнгі уақытта аяқта жағымсыздық пайда болады және қатты ауырады. Бұл жағдайда адам ауруды басу үшін аяғын дірілдетеді. Мазасыз аяқ синдромының пайда болу себебінің бірі — темір жетіспеушілігі. Оған жүкті әйелдер және варикозбен қиналатын адамдар жиі шалдығады. Бұл синдромның пайда болуына жұлын, бас шайқалуы және оны жаралап алу да себепші бола алады. Мұндай жағдайларда өздігінен емделмей, дәрігерге көріну керек.

Аяқты дірілдету әдетінен қалай арылуға болады?

Егер аяқты дірілдету туа біткен немесе ауруға байланысты болса, жүйелі түрде дәрігерге қаралып, оның ұсыныстарын орындау қажет. Бірақ егер ашуланғанда, күйзелгенде аяқты дірілдететініңізді байқасаңыз, төмендегі кеңестерге көз жүгіртіңіз.

Ұйқыны реттеу

Бір қарағанда қарапайым кеңес секілді көрінеді. Бірақ ұйқыны реттеу оңай емес. Әсіресе, егер көп жұмыс істесеңіз немесе жайға дейін қыдырғанды жақсы көрсеңіз, уақытында ұйықтап кету қиын болады. Ағзаны нақты режимге үйрету үшін күн тәртібін қайта қарастырып, жатын бөлмені жайлы етіп ұйымдастыру керек.

Қандағы темір деңгейін бақылау

Қандағы темір — гемоглобиннің бір бөлігі. Оның негізгі қызметі — оттекті органдарға және тіндерге жеткізу және жасушалық тыныспен қамтамасыз ету. Темірдің жетіспеуі аяқты дірілдету әдетінің пайда болуын ынталандырады және анемия шақырады. Оның себебінен созылмалы шаршаңқылық, тәбеттің жоғалуы, демікпе және кеуде тұсының ауыруы пайда болуы мүмкін.

Кофеинді аз ішіп, алкогольден бас тарту

Кофе мен алкоголь ағзаңызға қалай әсер ететінін білу үшін оларды уақытша рационыңыздан алып тастаңыз. Егер содан кейін аяғыңызды аз дірілдететініңізді байқасаңыз, ол ағзаға кофеин мен алкоголь мөлшерін көп бергеніңізді білдіреді.

Тыныс алу гимнастикасымен және йогамен айналысу

Кейде физикалық және психологиялық кернеуді түсіру үшін йогамен айналысу немесе тыныс алу гимнастикасына уақыт бөлу жеткілікті. Бұл арқылы ағзаны оған қажетті оттекпен қамтамасыз етесіз, иммунитетіңізді көтересіз және қантамырлар жүйесі жұмысын жақсартасыз.

А. Жапатова