Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Жаднама / Қан тобы және әйел заты

Қан тобы және әйел заты

Қан тобы және әйел заты

"Қыз өссе - елдің көркі" деген сөз бар. Әйел затын зерттеу мен оны түсіну үрдісі жігіттер қауымы жағынан тоқтап, толастамайтын күрестердің бірі. Бұл күрестің көшін көбінесе жазушылар мен ақындар қауымы алға жылжытады. Бүгін біз қан тобына қарай бойжеткендеріміздің мінезі мен ерекшелігі және кемшіліктері төңірегінде ой бөліспекпіз.

  • А қан тобындағы қыздар:

Артықшылығы: ауыр мінезді, мүләйім, мейірімді, селбесім жұмыс жасауға және құрбан беруге дайын тұрады;

Кемшілігі: Үнемі қам-қайғы үстінде жүреді, шыдамсыздау, рухы әлсіз, сезімге берілгіш, қатты намысшыл, үмітін тез үзгіш келеді;

Ерекшелігі: Өзіне сенбейді, сондықтан басқаларға да оңайшылықпен сене бермейді.

Бұл қан тобындағы әйел заты нағыз ізденушілердің қатарында жүреді, жүректері сезімтал, махаббатқа жан-тәнімен беріледі. Сезім, махаббат жағынан сәтсіздікке ұшыраса айырылысу туралы әңгімені өздері бастайды. Өзіндегі бардың бәрін арнағанына қарамай, ерекше батылдықпен барлығынан өз еркімен бас тарта алады.

  • В қан тобындағы бойжеткендер:

Артықшылығы: көңілді, сергек, нәзік, болашаққа үмітпен қарайды, үнемі айналасын дыр-дуға бөлеп жүреді;

Кемшілігі: барлығына үлгеруге тырысады, онысы іске аспай қалады, ойға алған жоспарынан оңай жериді, ә дегеннен-ақ атын шығарып, жеңіске жеткісі келеді, іс-әрекеттері шектен шығыңқырап жүреді.

Ерекшелігі: Өз-өзін жігерлендіру идеясы басым. Армандаған жұмыстарын істейді, өз-өзіне сенімі мол. Басқалардың олар жайлы пікірін көп назарға алмайды. Кей арулар аса сезімтал, басқалардың оларды шектеуін ұнатпайды және өз мінезі, өз қалауы бойынша іс жасауды жақсы көреді.

  • АВ қан тобындағы арулар:

Артықшылығы: Бірер істі, жағдайды түсіну қаблеті өте жоғары, үнемі белсенді, кешірімшіл, сезімге берілгіш және өз-өзін тізгіндеудің шебері;

Кемшілігі: мінезі тез өзгереді, тез ашуланады, жинақы емес, кішігірім істерге бола өкпелегіш;

Ерекшелігі: Бұл қан тобындағы әйел затын мынадай екі түрге бөлуге болады. Бірі, жолы болғыштар. Олар айнала қоғаммен, ортамен тез тіл табысады. Екіншісі, әзілкеш, айналасын күлкіге көміп жүретіндер. Олар осы екі мінезімен өз орталарының гүлі бола біледі.

  • О қан тобындағы қыздар:

Артықшылығы: өзіне сенеді, сезіммен емес, ақылмен жұмыс жасайды, шыншыл, сергек, бар ақыл-ойын өмірін нұрландыруға арнайды;

Кемшілігі: ашуы қатты, өзімшілдігі шектен асқан;

Ерекшелігі: Өздерін көрсетуге ұмтылғыш, сыртқы келбетінен олар кейде уайымшыл, кейде шынайылыққа бет бұрып, төзімді адам болып көрінгенімен, ішкі жан әлемінде бұл екі мінез бірігіп кеткен. Олар қиыншылыққа немесе айналадағы болып жатқан жағдайлардың өзіне қаншалықты тиімді екенін тез бағамдай алады.

Әрине, бір-екі ауыз сөзбен аруларымыздың жан әлемін бейнелеу мүмкін емес. Бір бойжеткен – бір әлем. Ашылмаған планета сияқты. Сондықтан, ер азаматтарымыздың пейілі бәрін де сыйдырады, оң шешімін табуға жетелейді деген үміттеміз.

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет:oyu.kz

4461 10
Рейтинг: +3

Дайындаған: Meyirzhan Auelkhan
Қосылған күні: 21 қаңтар 2013, 10:52
Пікірлер
+0
21 қаңтар 2013, 11:11

Бәрі жақсы, бірақ қай қан тобына жататыныңды қалай білуге болады? :)

+0
21 қаңтар 2013, 11:48

:) сол, кай топка жататынымды бiлмейм алi.

+0
21 қаңтар 2013, 11:48

О қан тобындағы қыздар

+0
21 қаңтар 2013, 12:13

Қан топтарын санмен жазып кетсеңіз, а то түсінбей отырмын

+0
21 қаңтар 2013, 12:18

Қан тобын біз емес доқтырлар анықтайды ғой. Сен мынаусың, сен анауысң деп :ugeek:

+0
21 қаңтар 2013, 13:01

біз І, ІІ, ІІІ, IV деп қабылдап үйреніп қалыптық та :roll:

+0
22 қаңтар 2013, 03:50

AB-degi arular magan unaydi, eger aralarinizda bar bolsa habarlasinizdar ;) :D

+0
23 қаңтар 2013, 22:48

Дәл айтылған :!:

+0
24 қаңтар 2013, 19:04

Бүгін ғана анамнан осы жайында сұрағам.Қызық болды гойййй. Менікі AB -қантобы екен))

+0
24 ақпан 2013, 00:16

өз қан тобыңды қалай білуге болады?

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...