Жұлдыз жорамал: 03.10.2022 – 09.10.2022

Жұлдыз жорамал: 03.10.2022 – 09.10.2022
Фото: astromix.net

Жұлдыздар ойланбастан әрекет етпеуге, интуицияны тыңдауға кеңес береді. Қазір сақтық — табысқа жетудің бір талабы.

Тоқты
20 наурыз – 19 сәуір

Бұл ай жағымды жаңалықтардан басталады. Алайда Тоқтылардың қырсықтығы кей проблемалардың туындауына себепші болады. Жеке өмірде отбасы маңызды рөл ойнайды. Туыстар көмегімен проблемаларды шеше аласыз және кей сұрақтарды шешуге достарыңыз да көмектеседі. Қазанның басы кәсіби белсенділік үшін қолайлы.

Торпақ
20 сәуір – 20 мамыр

Бұл жұлдыз белгісі өкілдерін қазан айының басында үлкен өзгерістер күтіп тұр. Ол мамандықтың ауысуымен, көшумен және басқа да істермен байланысты болуы мүмкін. Физикалық күшіңізді және жан-дүниеңіздің тыныштығын сақтау маңызды. Жағымсыз адамдармен араласпауға тырысыңыз және дауларға араласпаңыз. Денсаулыққа мән беріңіз.

Егіздер
21 мамыр – 20 маусым

Бұл уақыт аралығында дауларды болдырмау қиынға соғады, бірақ шешуші сөз осы жұлдыз белгісі өкілдерінде болады. Қабылдаған шешімдеріңіз дұрыс болып шығады. Алайда шешім қабылдауда асықпаңыз, ақпаратты мұқият тексеріңіз. Денсаулыққа келер болсақ, қазір физикалық жүктемені азайту керек.   

Шаян
21 маусым – 22 шілде

Сіз үшін қазанның басы — романтикалық кезең. Сізді жағымды танысулар мен кездесулер күтеді. Егер неке қию жоспарыңызда болса, сәті келді. Бұл жұлдыз белгісінің отбасылы өкілдеріне көп уақытын үйде жақындарының қасында өткізу ұсынылады. Бос уақытыныңызды білім алуға немесе тәжірибе алмасуға арнаңыз.

Арыстан
23 шілде – 22 тамыз

Бұл апта жағымды жағдайларға толы болмақ. Алайда тек еңбекқор, белсенді арыстандардың ғана ісі оңынан жүреді, сондықтан қазір демалыс туралы ойламай тұра тұрыңыз. Жұмыста мансаптық өсумен байланысты өзгерістер болуы мүмкін. Басқаның міндеттерін орындауға мәжбүр боласыз. Бірақ ренжіп, ашуланбаңыз, олардың бәрін орындай аласыз және бұл еңбегіңіз бағаланады.

Бикеш
23 тамыз – 22 қыркүйек

Бұл апта қызықты сәттермен ерекше болады. Сізді мазалап жүрген сұрақ күтпеген жерден шешіледі. Сіз ықпалды адамнан көмек аласыз, сондықтан өз проблемаларыңызды достарыңызға айтудан ұялмаңыз. Бұл кезде жалғыз әрекет етудің қажеті жоқ.

Таразы
23 қыркүйек – 22 қазан

Кәсіби салада мүмкіндіктер ашылады: мансаптық өсу және жалақының артуы күтіледі. Басшылық сіздің белсенділігіңізді байқайды. Сондықтан жаңа жобаларды қолға алыңыз және қиындықтардан қорықпаңыз. Жақын адамдарыңыздың кеңесіне құлақ түріңіз, бірақ ішкі интуицияңызға да мән беріңіз.

Сарышаян
23 қазан – 21 қараша

Бұл аптада өзгерістер болады, тағдырдың белгілеріне, түстерге және ырымдарға мән беріңіз. Ішкі дауысқа сеніңіз, ол сізге сәттілік әкеледі. Алда жоспарлар, жағымды кездесулер және мерекелер күтіп тұр. Бірақ жұмыс туралы ұмытуға болмайды. Әріптестеріңізбен қатты тік және қатал болмауға тырысыңыз.

Мерген
22 қараша – 21 желтоқсан

Айналаңыздағылар берген кеңестерге құлақ түріңіз. Бұл аптада маңызды сұрақтардың шешімін ертеңге қалдыруға болмайды. Жұмысқа уақытыңызды аямаңыз, басшылығыңыз белсенділігіңізді міндетті түрде бағалайды.

Тауешкі
22 желтоқсан – 20 қаңтар

Кей Тауешкілер өзінің бұрынғы арманын орындай алады. Бұл кезең тәуекелді жобалар үшін қолайлы. Алайда бұл кенеттен шешім қабылдауға болады деген сөз емес. Қандай да бір шешім қабылдарда, әсіресе ол заңдық сұрақтарға қатысты болса, алдымен кәсіпқойлардан кеңес алыңыз.

Суқұйғыш
21 қаңтар – 18 ақпан

Апта қаржылық жағынан сәтті болады, жақын адамыңыздан жаңа кіріс көзі келуі мүмкін. Қателік жіберу қаупі жоғары. Отбасыда даулар орын алуы мүмкін, жақындарыңызға қамқор болыңыз.

Балықтар
19 ақпан – 19 наурыз

Назар аударуды қажет ететін тапсырмалар көп: кәсіби де, тұрмыстық та сұрақтарды шешу керек. Уақытты дұрыс пайдаланыңыз. Қазір үнемі жоспарды өзгертіп, шапшаң шешімдер қабылдау керек болуы мүмкін. Бәріне үлгеру үшін өз-өзіңізді қолға алып, қуатты әрі сергек жүруге тырысыңыз.

А. Жапатова