Қазан айының басында магнитті дауыл соғады: бас ауырса не істеу керек

Қазан айының басында магнитті дауыл соғады: бас ауырса не істеу керек
Фото: radiokp

Бас ауруы, әлсіздік, жүрек соғысы – бұл күнделікті көпшілікті мазалайтын аурулар. Қазан айының басында астрономдар магнитті дауыл соғатынын болжады: бұл жұмыс аптасының басында ауа райына тәуелді адамдар үшін әсіресе қиын болады.

Астрономдар 1, 2, 3 және 4 қазанда магнитті дауыл соғады деп болжайды. Сарапшылардың пікірінше, ең қиын күн 2 қазан болады – бұл күні астрономдар G2 деңгейін белгілеген 6 баллдық магнитті дауыл соғатынын айтады. Жалпы, бес деңгей бар: G1 – әлсіз дауыл, G5 - өте күшті дауыл саналады.

1, 3 және 4 қазандағы магнитті дауылдарға келетін болсақ, олар әлсіз болады. Астрономдар оларға G1 берген.

Айдың қалған бөлігі тыныш өтеді. Сонымен, астрономдардың есептеулері бойынша, күннің қосымша жарылуы болмайды. Өкінішке қарай, мұндай ұзақ кезеңге арналған болжамдар әрқашан 100 пайыз дәл бола бермейді, ғалымдар Күндегі қазіргі жағдайдан қорытынды жасайды.

Бас ауырса не істеу керек?

Магнитті дауыл күндері кейбір адамдардың басы ауырады. Және бұл басқа ауруларыңыз болса күшейе түседі. Бұл кезде көбірек демалу өте маңызды. Ауру басталған күні жоспарларыңызды қайта қарастырыңыз, іс-әрекеттерден бас тартып, таза ауада тыныш серуендеуге артықшылық беріңіз. Көбірек су ішіңіз, ауыр тағамдардан бас тартыңыз, көкөністер мен жемістерді көбірек жеңіз. Гипертониялық науқастарға және қан тамырлары проблемалары бар адамдарға қан қысымының деңгейін мұқият бақылауға, емдеуші дәрігерлердің ұсыныстарын орындауға кеңес беріледі.

А. Оралқызы