Адам қақалып қалса, оған қалай көмектесе аласыз?

Адам қақалып қалса, оған қалай көмектесе аласыз?
Фото: ru.freepik.com

Адам шие дәнегінен, балық қылқанынан және тіпті, сілекейден де қақалып қалады. Қандай жағдай болмасын қақалып жатқан адамға бірден алғашқы көмек көрсету керек.

Адам бұл кезде сөйлей және жөтеле ала ма? Сіздің әрекетіңіз соған байланысты болады.

Адам қақалып қалды, бірақ жөтеле алады немесе сөйлей алады. Ода тыныс алу жолдарының бөлшектік бітелісі болғаны. Бұл жағдайда оның жанында болып, жақсылап жөтелгенін қадағалау жеткілікті.

Егер адам қақалып қалды, бірақ сөйлей алмаса немесе жөтеле алмаса, бұл ода тыныс алу жолдарының толықтай бітелгенін білдіреді. Жылдам әрекет етіңіз!

Зақымдалған адамның жанына және сәл артқы жағына қарай тұрыңыз. Бір қолыңызбен кеудесін ұстап тұрыңыз, екінші қолыңызбен адамды қатты алға еңкейтіңіз. Алақаныңызбен қақалып жатқан адамның жауырынының ортасынан жайлап ұрыңыз. Мұндай дене күйі басқа нәрсе орнынан қозғалса, кері тыныс алу жолдарына емес, сыртқа шығуына көмектеседі.

foodandmood.com.ua

Егер бұл көмектеспесе, Геймлих әдісін қолданыңыз.

1. Қақалып жатқан адамның артына тұрыңыз және екі қолыңызбен ішінен жоғары құшақтап алыңыз.

2. Адамды алға еңкейтіңіз.

3. Бір қолыңызды жұдырық етіп жинап, оны зақымдалған адамның ішінің жоғарғы бөлігіне (кіндіктен сәл жоғары) қойыңыз.

4. Бос қолыңызбен жұдырықты ұстап, ішін ішке және жоғары қысасыз.

5. Бұл қозғалысты 5 реттен артық істеуге болмайды.

6. Егер қақалтып тұрған зат шықпаса, жедел жәрдем шақырыңыз.

Ішті қысу ішкі органдарды зақымдауы мүмкін. Сондықтан бұдан кейін қақалтқан зат сыртқа шықса да, маманға бір қаралған артық етпейді. Сондай-ақ, басқа нәрсенің бөліктері тыныс алу жолдарында қалып қоюы мүмкін. Егер адам жөтелуін тоқтатпаса, жұтынған кезде қиындық сезінсе, тамағында бірдеңе кедергі келтірсе, дәрігерге қаралу керек.

А. Жапатова