Дәрігер ыстық картоп жесе не болатынын айтты

Дәрігер ыстық картоп жесе не болатынын айтты
Фото: profile

Пісірілген картоп денсаулыққа пайдалы. Оны қант диабетімен ауыратындар мен артық салмақтан арылғысы келетіндер жеуге болады. Бұл тағамды диетаға және жүрек-қан тамырлары ауруларымен ауыратындарға ұсынылады. Бірақ картопты дұрыс пісіріп жеу керек екен. Неліктен бұл тағам ыстық кезінде өте зиян екендігі туралы эндокринолог айтты.

Пісірілген бір картопта 941 мг калий бар. Бұл жүрек үшін ең маңызды минералдың күнделікті нормасының 20% құрайды. Ғалымдар тағамдағы калий мөлшерінің шамалы көбеюінің өзі қауіпті аурулардың алдын алатынын анықтады.

Сонымен қатар, картоп өте сіңімді және жоғары қанықтыру индексіне ие. Және, өкінішке қарай, оны дұрыс тұтынбау арқылы тез семіруге де болады.

Картопты қалай жеген дұрыс?

«Ештеңе қоспай пісірілген картоп дұрыс тамақтанудың бір бөлігі», - дейді эндокринолог Зухра Павлова.

Диетолог маман ыстық картоп жеу артық салмаққа алып келетінін ескертеді.

«Ыстық картоп жемеңіз, оларды бөлме температурасына дейін суытыңыз. Бұл жағдайда крахмалдың бір бөлігі ретроградтық крахмалға айналады. Сутылған картоп қандағы глюкозаның деңгейні көтермейді», - дейді маман.

Маманның айтуынша, төзімді крахмалдың қасиеттері пайдалы тағамдық талшықтарға ұқсас. Ол тоқ ішекте ашытылады және пайдалы бактериялардың көбеюіне қолайлы орта береді.

«Ештеңе қоспай қайнатып пісірілген және салқындатылған картоп денсаулыққа әлдеқайда пайдалы, - дейді эндокринолог.

Диетолог суытылған картоп іштің кебуі және газдың пайда болуынан құтылыуға таптырмас тағам екенін айтады.

Егер картоп қайнатпай қуырып жесе ше?  

• Фри картобының бір порциясы ауыр тағам калориясымен бірдей;

• Сүт пен май картоп пюресіне калория қосады;

Картоп бәлішіне ұн мен сары май қосылғандықтан арықтау үшін зиянды тағамға айналады.

«Майлы, тұзды, қуырылған тағамдарды шамадан тыс тұтыну бауыр мен бүйрекке әсерін есептемегенде, жүрек-қан тамырлары аурулары мен қант диабетінің даму қаупін арттырады. Қуырылған картоп бет терісіне өте зиянды. Ал зейін мен есте сақтау қабілетін әлсірететін ғылыми дәлелдер бар», – дейді эндокринолог.

Жоғарыда айтылған ережелерді сақтай картопты пісіріп, суытып жесеңіз өзіңізді қатерлі ісіктен, гипертониядан, инсульттан және семіздіктен қорғауға болады.

Т. Раушанұлы