IQ деңгейі жоғары 3 жұлдыз белгісі

IQ деңгейі жоғары 3 жұлдыз белгісі
Фото: ru.freepik.com

Әрине, кез келген адам өз ой-өрісін дамыта алады, бірақ кей адамдардың туа біткен жасырын дарыны мен жоғары IQ деңгейі болады. Астрологтар 12 жұлдыз белгісінің ішінен IQ деңгейі жоғары осы 3 жұлдыз белгісін ерекшеледі.

Суқұйғыш

Суқұйғыштар жиі ұстамды және ұялшақ көрінеді, бірақ шындығында бұл жасқыншақ мінезінің артында көптеген дарын жасырынып тұр. Олар туғанынан жоғары IQ деңгейіне ие, алайда оны ерекше жағдайларда ғана көрсетуге бейім. Бірақ Суқұйғыштар мансап құрғысы келсе, зияткерлік қабілеттерін іске қосып, арманындағы қызметті алады.

Арыстан

Ең еңбекқор және білімді жұлдыз белгісіне Арыстандар жатады. Бұл жұлдыз белгісі барлық нәрсеге күмәнмен қарайды, барлық фактті мұқият тексереді, сондықтан да айналасындағыларға қарағанда көбірек біледі. Арыстандар жұрттың назарында болғанды жақсы көреді, сол үшін де үнемі ой-өрісін барынша кеңейтуге тырысады.

Сарышаян

Сарышаян — өзінің жоғары IQ деңгейі жайлы жақсы білетін және басқалардан ақылды екенін мақтан тұтатын жұлдыз белгісі. Ол оны достарымен немесе әріптестерімен әңгіме айтып отқанда дәлелдегенді жақсы көреді. Бір жағынан, бұл таңғалуға тұрарлық қабілет, екінші жағынан ол басқаларға өзінше болып көрінеді. Сондықтан осы жұлдыз белгісімен туылған адамдар қандай жағдайда ақыл-парасатын көрсету керегін, ал қай кезде үндемеген дұрыс екенін түсінуді және өз орнын білуді үйрену керек.

А. Жапатова