Дәрігер бүйрекке зиян әдеттер тізімін атады
Фото: Shutterstock

Дәрігер бүйрекке зиян әдеттер тізімін атады

Терапевт Татьяна Романенко бүйрекке зиян әдеттер тізімін атады. Бұл туралы "Москва 24" жазды.

Маманның айтуынша, адамдар денсаулығына мән бермеу салдарына бүйрегін ауыртады. Оған емделмеген тістер де жатады, өйткені олар бүкіл ағзаға инфекция тасымалдайды.

«Сонымен қатар, тамақ ауруы кезіндегі ағзаға түсетін стрептококк бактериясы бүйректің асқынуына, қабыну процесінің қандай да бір түрінің дамуына әкелуі мүмкін», - дейді ол.

Сондай-ақ, бүйректің ауруныа несеп-жыныс жүйесінің ауруларына жататын: простатит,  қабынуы, қуық аурулары себеп болады.

Дәрігердің айтуынша, қабынуға қарсы препараттар қабылдау қауіпті.

"Оларды жиі қолдану бүйрек функциясының бұзылуына әкелуі мүмкін. Өкінішке қарай, бұл өте жиі орын алады, бірақ адамдар бұған мән бермейді", - деді Романенко.

Ас тұзын шамадан тыс пайдалану да зиянды. Бұл қан қысымының жоғарылауына ықпал етуі мүмкін, егер емделмесе, созылмалы бүйрек ауруы туады, деп ескертеді терапевт.

Айта кетейік, бұған дейін дәрігерлер бүйректі «өлтіретін» 5 тағамды атаған болатын.

Т. Раушанұлы