Балалардың болашағына ақша жинау үшін қандай депозит ашуға болады?
Фото: Ернар Алмабек

Балалардың болашағына ақша жинау үшін қандай депозит ашуға болады?

Балалар өскен сайын олардың қажеттіліктері де артады. Оларды қажеттіліктермен қамтамасыз етуге ұзақмерзімді депозиттер көмектеседі. Баланың жарқын болашағы үшін депозитке қазірден бастап ақша жинай беріңіз. Қазақстандағы тиімді балалар депозиттерін ұсынамыз.

Қарапайым балалар депозиті, Отбасы банк

Бала бұл депозит арқылы 18 жастан бастап 3,5%-дан 5% аралығындағы жылдық мөлшерлемемен тұрғын үй заемын ала алады.14 жасқа дейінгі баланың атына депозитті тек ересек адамдар аша алады. 14 жастан бастап бала Отбасы банкінен депозитті өз бетінше аша алады, бірақ ата-анасының келісімі қажет. Балалар депозиті Отбасы банкі депозиттерінің барлық артықшылықтарына ие. Мысалы, оған 2% көлеміндегі банк сыйақысы мен бір жыл ішінде жиналған соманың 20%-на тең мемлекеттік сыйлықақы аударылады. Сондай-ақ балаға ашылған депозит «Отбасылық пакеттің» бір бөлігі бола алады. Оның өз артықшылықтары бар.

«Арнау» депозиті, Отбасы банк

«Арнау» депозитін балаңыз туылғаннан бастап аша аласыз. Оны ашу үшін қолыңызда баланың туу туралы куәлігі және өзіңіздің жеке куәлігіңіз болса болғаны. «Арнау» депозитінде шарт сомасының 50%-ын кем дегенде 10 жыл бойы жинап, 48 ұпайға тең бағалау көрсеткішіне (БК) қол жеткізсеңіз, депозит иегері тұрғын үй сатып алу үшін 2% жылдық мөлшерлемемен тұрғын үй заемын рәсімдей алады. Депозитке ақшаны баланың әке-шешесі ғана емес, ата-әжесі, аға-әпкелері де сала алады.

«Dream» депозиті, RBK банкі

«Dream» депозитін ашу үшін банк бөлімшесіне бару керек. Қолыңызда өзіңіздің жеке куәлігіңіз бен баланың туу туралы куәлігі болуы керек. Депозитті ашуға қажетті минималды сома — 15 мың теңге. Ақшаны 12, 24 немесе 36 ай жинай аласыз. Жылдық тимді мөлшерлеме — 13,5 %-ға дейін.

«Aqyl» депозиті

Бұл депозиттегі жинақпен Қазақтандағы жоғар оқу орнындарындағы немесе колледждердегі оқуды, сондай-ақ шетелдегі кез келген білім алу түрін төлеуге болады. Минималды бастапқы жарна - 3 АЕК (2022 жылы — 9189 теңге). Жинақтау мерзімі 3 жылдан 20 жылға дейін. Оны ашу үшін ата-ананың жеке куәлігі мен баланың туу туралы куәлігі қажет. Егер балаңыз грантқа түссе, ол депозиттен жинақты ала аласыз, ақшаны басқа баланың атына аудара аласыз немесе білімнің басқа деңгейлерін алу үшін жинақтауды жалғастыра бере аласыз. Бұл депозитті nurbank, vtb, halykbank секілді банктерден аша аласыз.

А. Жапатова