Қантпен бірдей: Дәрігер күніне қанша бал жеуге болатынын айтты

Қантпен бірдей: Дәрігер күніне қанша бал жеуге болатынын айтты
Фото: uzledy

Балдың емдік қасиеті ерте заманнан белгілі. Сонымен қатар, бал соншалықты зиянсыз да емес. Оның пайдасы мен зиянын гастроэнтеролог, аллерголог-иммунолог Елена Манило айтып берді.

«Калориялары бойынша бал қанттан сәл ғана төмен, сондықтан оны қалыпты мөлшерде тұтыну керек. Денсаулық пен сымбатқа зияны тимеуі үшін күніне 3-4 шай қасықтан артық бал жеуге болмайды. Негізен балды таңертең жеу ұсынылады», - деп ескертеді гастроэнтеролог, аллерголог-иммунолог Елена Манило.

Егер күнделікті қант тұтынатын болсаңыз, онда балдың мөлшерін де азайту керек. Мысалы, екеуін күніне екі шай қасықтан артық жемеу керек.

Балдың құрамында көмірсулар көп, сондықтан энергияның тамаша көзі. Оның құрамында әртүрлі микроэлементтер мен пайдалы қышқылдар бар. Дегенмен балдан жеткілікті мөлшерде дәрумен аламын деу қате.

«Балдың құрамындағы дәрумендердің мөлшері өте қарапайым. Әсіресе жемістер мен көкөністермен салыстырғанда аз. Бұл өнімнің көмегімен дәрумен жетіспеушілігін толтыру мүмкін емес. Ол үшін бірнеше килограмм жеуге тура келеді», - дейді дәрігер.

© bashkirpaseki

Балдың емдік қасиеті бар дейді, бұл дұрыс. Оның құрамында бактерияға қарсы биологиялық белсенді заттар – фитонцидтер бар.

«Бал тамақ ауруы немесе жөтелге көмектесе алады. Оны аз мөлшерде және таза күйінде жеу керек», - дейді Елена Манило.

Бірақ балды ыстық шайға емес сусыған шайға қосып ішкен дұрыс екен. Ыстық суда өнім пайдалы қасиеттерін жоғалтады. Сол сияқты қатты суыған су да балға осылай әсер етеді. Сондықтан оны бөлме температурасында ішу керек.

«Бал жүрек-қантамыр жүйесі үшін өте пайдалы. Бұл жоғары және төмен қан қысымын қалыпқа келтіруге көмектеседі. Өнім қандағы холестерин деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді, бұл қан тамырларының денсаулығы үшін де маңызды», - дейді маман.

Бал жасушалардың инсулинге сезімталдығын арттыратын және қандағы қантты қалыпқа келтіретін адипонектин гормонының өндірісін ынталандыру арқылы ағзадағы зат алмасуға пайдалы әсер етеді.

«Сондықтан бал қант диабетімен ауыратындар үшін пайдалы, бірақ оның да мөлшерімен ішкен дұрыс», - деп ескертеді дәрігер.

Балдың құрамында антиоксиданттық қасиеттері бар органикалық қосылыстар – флавоноидтар мен фенол қышқылдары бар. Осының арқасында, бал иммундық жүйені қолдауға көмектеседі және дене жасушаларын қорғайды.

© polzavred

Кімге бал жеуге болмайды?

• Барлық артықшылықтарға қарамастан, балды қолдануға көптеген қарсы көрсеткіштер бар:

• бұл өте аллергенді өнім, тіпті кішкене бөлігі ауыр аллергиялық реакция тудыруы мүмкін;

• балдың құрамындағы қышқылдар гастрит пен асқазан жарасының өршуін тудыруы мүмкін, сондықтан оны асқазан-ішек жолдарының аурулары бар адамдарға сақтықпен қолдану ұсынылады;

• бір жасқа дейінгі балаларда  аллергияны тудыруы мүмкін, сондықтан бал бір жасқа дейінгі нәрестелерге қатаң тыйым салынады.

Т. Раушанұлы