Кофе немесе шай: қайсысы ағзаға пайдалы?

Кофе немесе шай: қайсысы ағзаға пайдалы?
Фото: filizhanka.com

Кофені көптеген дәрігер пайдалы сусын деп атайды. Бірақ оны белгілі бір уақытта, нормасынан асырмай ішу керек.  

Дәрігерлер кофеден мүлдем бас тартуды ұсынбайды, әсіресе бұл инсульт пен инфаркт қаупін азайтады. Бірақ күніне максимум үш шыныаяқтан артық емес ішу керек. Өйткені, кофе қан қысымын жоғарылатуы мүмкін, бұл денсаулыққа теріс әсер етеді, әсіресе гипертониямен ауыратын адамдарға тіпті зиян.

Бірақ күнделікті ішетін сусын ретінде ағзаға кофеден гөрі шай пайдалы екен.

Сонымен күнде кофе орнына шай ішсек ағзада қандай өзгерістер болады:

Тіс

Әрине, кофеден де, шайдан да кез келген жағдайда тістерде дақ пайда болады. Бірақ шайдың зияны аз, ол кофеге қарағанда эмальда айтарлықтай жеңіл із қалдырады. Егер  көк шай ішетін болсаңыз ол тіске зиян емес.

Холестерин деңгейі

Итальян стиліндегі эспрессо кофесі холестерин деңгейін жоғарылатуы мүмкін және бұл жүрек пен қан тамырларына тікелей қауіп төндіреді.

«Қай кофенің қай түрі пайдалы екенін білмейсіз бе? Дұрысы шай ішіңіз», - деп жазады Delfi.lv.

Ұйқы

Шайдың құрамында кофеин көп болғанымен, ұйқыға кофе сияқты әсер етпейді. Ұйқысыздықтан зардап шеккіңіз келмей ме? Онда шай ішіңіз.

Мазасыздық

Тым көп кофе ішу жүйке жүйесін ынталандырады.  Бұл мазасыздық пен ашуланшақтықты арттырады. Сондықтан, жүйкеңіз сәлі нәрсеге сыр беретін боп кетсе кофенің мөлшерін азайтуға тырысыңыз.

Сіңір тартылу азаяды

Кофе денеде магний тапшылығын тудыруы мүмкін, себебі бұл микроэлементтің қалыпты сіңірілуіне жол бермейді. Сондықтан, түнде немесе физикалық белсенділік кезінде аяғыңыз тартылатын болса, кофеден бас тартыңыз.

Қатерлі ісік қаупі

Бұл жалпы онкологияның барлығына қатысты емес, бірақ кофенің бауыр, тоқ ішек, асқазан, ұйқы безі және сүт безінің қатерлі ісігіне қатысы бар.

«Бұл шайдағы антиоксиданттардың көп болуына байланысты, ол шай жапырақтарында кездеседі және қатерлі ісікпен күреседі», - дейді дәрігерлер.

Асқазандағы қыжыл

Кофеин асқазан мен өңеш арасындағы бұлшықет сфинктеріне әсер етеді, ол асқазан сөлінің ағуына мүмкін кеңістікті ашуға және жабуға жауап береді. Шайдың құрамында кофеин де бар, бірақ тек кофе бұлшықет жұмысына әсер етеді. Сондықтан шайдан кейін кофедегідей асқазан қыжылы болмайды.  

Сұйықтық балансы

Кофенің жұмсақ, бірақ әлі де диуретикалық әсері бар, сондықтан шығындарды өтеу үшін дәрігерлер бір стақан сумен бір кесе кофені сүйемелдеуді ұсынады. Оны қасына қойып қоймай, дәл осы стақан ішіңіз. Шай үшін қосымша әрекет қажет емес.

Т. Раушанұлы