Көк банан: Британ ғалымдары қатерлі ісіктің алдын алудың тағы бір әдісін тапты

Көк банан: Британ ғалымдары қатерлі ісіктің алдын алудың тағы бір әдісін тапты
Фото: marieclaire

Піспеген жемістер қатерлі ісіктің даму қаупін азайтады. Мысалы, асқазан, жатыр және ұйқы безінің қатерлі ісігінің алдын алуда жартылай піскен көк жемістер пайдалы.

Зерттеуді Ньюкасл және Линдс университеттерінің онкологтары жүргізді. Олар Линч синдромымен ауыратын мың адамды тексерген. Бұл сирек кездесетін генетикалық ауру. Ол кейде тоқ ішекте, сондай-ақ асқазанда, ішекте, ұйқы безінде, ал әйелдерде – жатыр мен аналық безде қатерлі ісіктердің даму қаупін арттырады.

Сонымен, зерттеуге қатысушылардың жартысынан сәл азы – 463 адам  ​​күн сайын 30 грамм қалыпты крахмал жеген. Ол ұйқы безінің ферменттерімен ыдырамайды, бірақ ішек бактериялары оны өңдейді. Тағы 455 адам плацебо-кәдімгі жүгері крахмалын тұтынған.

Науқастар 10 жыл бойы бақылауда болған. Соңында қалыпты крахмал тобында 78 адам, ал плацебо тобында 96 адам қатерлі ісікке шалдыққан.

Зерттеушілер Cancer Prevention Research журналында жарияланған мақаласында: «Мұндай көрсеткіштер сырқаттанушылардың статистикалық түрде төмендегенін білдіреді», - деп жазады.

Өмірде қалыпты крахмалдың мұндай мөлшерін, мысалы, 2 көк банан немесе басқа піспеген жемістерді жеу арқылы алуға болады. Сонымен қатар, ол сұлы мен бұршақ дақылдарында кездеседі.

Ғалымдардың айтуынша, ішек қатерлі ісігінің қаупі жойылған жоқ. Оны Линч синдромының өзі тудырады. Бірақ крахмал қатерлі ісіктерден (өңеш, асқазан, өт жолдары, ұйқы безі және он екі елі ішек) жақсы қорғайды.

«Бұл маңызды қорытынды, өйткені жоғарғы асқазан-ішек жолдарының қатерлі ісігін диагностикалау қиын және жиі ерте анықталмайды. Ал, крахмал қатерлі ісікке шалдығу қаупін 60 пайызға төмендетеді», - дейді зерттеу авторларының бірі, профессор Джон Мэтерс.

Бұл ретте ғалымдар экспериментке қатысушылар крахмалды 10 жыл бұрын ішкенін. Сосын, крахмал науқастарды осы уақыт бойы «қорғағанын» айтады.

Айта кетейік, бұған дейін диеотолог "арықтау кезінде наннан бас тарту керек пе әлде картоптан ба?"  деген сұраққа жауап берген болатын.

Т. Раушанұлы