Жұлдыз жорамал: 15.08.2022-21.08.2022

Жұлдыз жорамал: 15.08.2022-21.08.2022
Фото: create.vista.com

Өмірде көп нәрсе адамның сеніміне байланысты. Жақсылыққа сеніңіздер.

Тоқты
20 наурыз – 19 сәуір

Тоқтыларға тамыздың үшінші аптасы екі түрлі тенденция әкеледі: бірі құлағанша жұмыс істесе, басқалары, керісінше, жалқаулығына ерік береді. Бұл кезеңде жаңа істер мен жобаларды бастаудың қажеті жоқ. Тоқтылардың көпшілігі жұмыста қастық ойлаушы әріптестерінің қулықтарына, арамдығына, ал тоқты-бастықтар қызметкерлерінің сапасыз жұмысына тап болуы мүмкін. Алайда, әсіресе, жалқаулыққа бой бермегендер бастаған ісін аяғына дейін жеткізеді және апта соңына қарай шаруалары ретке келе бастайды.

Торпақ
20 сәуір – 20 мамыр

Торпақтар өз уақытының көп бөлігін отбасысымен және туыстарымен байланысты істерге арнайды. Мүлікке, жерге немесе жөндеу жұмыстарына қатысты сұрақтар туындауы мүмкін. Өз сөздеріңіз бен әрекеттеріңізге абай болыңыз. Сіз үшін үйреншіксіз жұмысты қолға алуыңыз мүмкін, уайымдамаңыз, барлығын жоғары деңгейде жасап шығасыз. Апта соңында күтпеген сапарға шығуыңыз мүмкін және жаңа таныстар пайда болады.

Егіздер
21 мамыр – 20 маусым

Егіздердің көпшілігін тамыз айының үшінші аптасы, әсіресе, материалдық жағынан қуантады. Жаңа ресурстар, басымдықтар, артықшылықтар табу — бағалы нәрсе алуға мүмкіндік. Ол жаңа дүние немесе тәжірибе, қаржылық табыс немесе рухани баю болуы мүмкін — Егіздер барлық нәрседен пайда ала алады. Жаңа таныстар көпшілік Егіздер үшін достыққа айналады, ал жалғызбасты Егіздер өз сыңарларын табулары мүмкін.

Шаян
21 маусым – 22 шілде

Шаяндарды қиын апта күтіп тұр. Ол бірінші кезекте, бұл жұлдыз белгісінің кертартпалығымен және дәстүрлілігімен байланысты. Шаяндарға тән схемалар мен сценарийлер кенеттен жұмыс істемей қалады. Проблемаларды шешудің қарапайым тәсілдері бұзылады. Сондықтан Шаяндарға үйреншіксіз және дәстүрлі емес жолмен әрекет ету керек болады. Бұл жағдайда өзіне үйреншіксіз әдістерді қолдана алған, стандартты емес әрекеттер жасаған және жағдайға бейімделе алған Шаяндар ұтады.

Арыстан
23 шілде – 22 тамыз

Арыстандарда энергия көп және оларға шыдамсыздық, жоғары белсенділік тән. Қазір өз әрекетіңізді жоспарлаумен айналысқан дұрыс. Уақытша «ұрыс алаңынан» кете тұрыңыз. Бұл сырттан бақылауға және дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Әйтпесе, апта соңында ағза азып, шаршаңқылық пен апатия бой алады.

Бикеш
23 тамыз – 22 қыркүйек

Бикештердің жағдайы тамыздың үшінші аптасында өздерін Арыстандар секілді сезінеді. Бірақ бикештер оның бәрін ауыр емес, жай қабылдайды. Көпшілік Бикештер қайта ойланып, шешім қабылдау үшін жалғыз қалуды қалайды. Тыныштық жағдайы Бикештерге сауықтырушы әсер етеді — жаңа кезеңді олар жинақы, сенімді және нені қалайтынын біліп қарсы алады.

Таразы
23 қыркүйек – 22 қазан

Апта басында жағымды жаңалықтар күтіңіз: алдыңыздан жаңа басымдықтар мен мүмкіншіліктер ашатын ақпарат алуыңыз мүмкін. Қазір сізде оқиғаға толы кезең өтіп жатыр. Достарыңыз сізге көп қамқорлық жасап, пайдалы кеңес береді. Жеке өміріңізде жаңа мақсат қоясыз.

Сарышаян
23 қазан – 21 қараша

Тамыздың үшінші аптасы Сарышаяндарды жұмыс, сабақ, қаржылық істер және кірістермен қатысты салаға тартады. Сәтті жіберіп алмау, бүгін істеуге болатын нәрсені ертеңге қалдырмау маңызды. Бұл жұлдыз белгісінің еңбекқор және жауапты өкілдеріне жаңа жоба бастауға, материалдық жағдайын жақсартуға, жаңа мамандықты меңгеруге мүмкіндік береді.

Мерген
22 қараша – 21 желтоқсан

Мергендер отбасылық істерге, тұрмыстық жағдайларға және өмірдің материалдық саласына еніп кетеді. Балалармен және олармен қатысты проблемалар көп уақыт пен зейін қоюды қажет етеді. Жөндеу, мүлік алу немесе көшумен байланысты сұрақтар тууы мүмкін. Көп қонақ күтуіңіз немесе қонаққа баруыңыз мүмкін. Мергендердің эмоциялық жағдайы үйлесімді болады және ол осы кезеңнің ұсақ проблемаларды жеңуге көмектеседі.

Тауешкі
22 желтоқсан – 20 қаңтар

Тауешкілер апта басын динамикалық тепе-теңдікпен қарсы алады. Біруақытта бірнеше істерді (жобалар, қатынас, мақсаттар, міндеттер) бақылау, сыртқы қарбалас, қиындықтар: бұлардың бәрін Тауешкілер өздерінің ішкі жинақылығы арқылы жеңе алады. Бұл аптада қызмет салаңызды кеңейтуге немесе тіпті, жұмыс орнын ауыстыруға мүмкіндік туады.

Суқұйғыш
21 қаңтар – 18 ақпан

Суқұйғыштарды аптаның басында бейқамдық пен қандай да бір проблемаға зейін қойғысы келмеу сезімі бой алады. Бұл өткен әрекеттері мен шешімдеріне сенімсіз бола түсетін Суқұйғыштардың қорғаныш реакциясы. Уақытша шабытыңызды жоғалтуыңыз мүмкін. Алайда өзіңізге және өз күшіңізге сенімділік көп ұзамай келеді. Сондықтан өз эмоцияларыңызға анализ жасап, аздап демалып, қайтадан өткен аптаның өнімділігін жалғастыруға оралыңыз. Ал жеңіл физикалық жүктемелер өз эмоцияларыңызды ретке келтіруге қосымша көмек болады.

Балықтар
19 ақпан – 19 наурыз

Өз күшіңізге әлі де сенбейсіз бе? Күмәнға бой бермеңіз. Сізде қойған мақсатқа жету үшін күш пен білім жеткілікті. Аяқталмаған істерге оралыңыз және пайда болған дәлсіздіктерді уақытында түзеңіз. Демалыс күндерді жақындарыңыздың ортасында өткізуге тырысыңыз.

А. Жапатова