Ғалымдар кофенің күтпеген қаупін анықтады

Ғалымдар кофенің күтпеген қаупін анықтады
Фото: menslife.com

Адам қартайған сайын көру қабілетінің нашарлауы табиғи жағдай. 40 жастан асқан адамдарды ештеңе мазаламаса да, оптометрден үнемі профилактикалық тексеруден өту өте маңызды. Бұл көру қабілетін сақтауға көмектеседі, деп еске салады офтальмологтар.

Дегенмен, кейбір жағдайларда тамақтану әдетімізге байланысты көру қабілеті нашарлайды. Сондықтан кофе әуесқойлары абай болу керек. Бұл сусын сіздің рационыңызда тым көп болса, болашақта глаукома дертіне шалдығуыңыз мүмкін, деп жазады британдық Express басылымы.

Танымал сусынның құрамында кофеин бар – соның арқасында қан қысымы көтеріледі, бұл глаукоманың пайда болуын тудырады. Ауру көру жүйкесін зақымдайды. Бірақ олар ұзақ уақыт бойы байқалмайды.

Гарвард медициналық мектебінің ғалымдары зерттеу жүргізген. Оған 78 977 әйел және 41 202 ер адам қатысқан. Барлық қатысушылардың жасы 40-тан жоғары болған. Деректерді сараптай келе, сарапшылар кофе шынымен де қауіпті аурудың бастауы болуы мүмкін деген қорытындыға келді. Сондықтан кофені күніне 3 кеседен артық ішпеу керек.

Дегенмен, барлық кофе әуесқойлары соқырлыққа ұшырайды деп ойламаңыз. Ғалымдар сонымен қатар глаукомамен ауыратын кейбір адамдарда аурудың басқа cебебі болатынын айтады.

Айта кетейік, бұған дейін диетолог кофенің ағзаға максималды пайда әкелетін уақытын атаған болатын.

Диетолог Ирина Лизунның айтуынша, таңертең бір шыны кофе ішуге болады. Бірақ бұл сусынды тек тамақпен немесе тамақтан кейін ішкен дұрыс. Әйтпесе, ол асқазанға зиян.

Диетологтың пікірінше, кофе түскі асты алмастыра алмайды, өйткені бұл сусын адамға қажетті қоректік заттарды қамтымайды.

Т. Раушанұлы