Ыстықта қалай ұйықтауға болады?

Ыстықта қалай ұйықтауға болады?
Фото: freepik.com

Жаздың ыстық күндері ұйықтап кету оңай емес. Мұндай ауа райында ұйқыны қалай қандыруға болады? Төмендегі әдістерді қолданып көріңіз.

Ұйқы сапасы тікелей дене температурасымен байланысты. Қалыпты жағдайда ол біз ұйықтап кеткенде өзі түседі. Бірақ ауа ыстық болса, ағза салқындай алмайды. Нәтижесінде, ми біздің ұйықтап жатқанымыз жайлы белгіні алмайды да, сәйкесінше, біз толыққанды демалмаймыз.

Дұрыс ұйқыға қажетті температура — 16-18 градус. Сондықтан да бірінші кезекте біз ұйықтайтын жерді салқындатып алуымыз керек. Оны кондиционер көмегімен салқындату оңай. Бірақ кондиционерлер электр энергиясын көп құртады және кейде одан шыққан салқын ауа ағыны тұмауратып қалуға себепші болады.

Егер үйіңізде кондиционер болмаса, не істеуге болады?

1. Терезелерді ашыңыз. Түнде күндізге қарағанда ауа сәл салқындау болады. Сондықтан ауаны бөлмеге кіргізудің қарапайым әдісі — терезелерді ашып тастау.

2. Желдеткіш (вентилятор) сатып алыңыз. Бөлмені салқындату үшін желдеткіштің алдына мұзы бар ыдыс қойып қоюға болады.

3. Суды көбірек ішіңіз. Ыстықтағы негізгі ережені тек күндіз емес, түнде де сақтау керек. Терлесеңіз, ылғалдың қорын міндетті түрде толтыру керек.

4. Ұйықтар алдында жылы душқа түсіңіз. Бастысы, суды салқындау етпеңіз. Себебі ол, керісінше, қанның қайтуын, содан соң көп ұзамау қанның қатты құйылуын шақырады да, дене температурасын көтереді.Сондықтан жылы суға түсіңіз.

5. Электр құрылғыларын суырып тастаңыз. Мүмкіндігінше, электр құралғыларының көпшілігін суырып тастаңыз. Себебі олар бөлмедегі ауаны қыздырады.

6. Төсектен жамылғы көрпелерді алып тастаңыз. Жамылғы көрпені қолданбасаңыз, әдетте, ол аяқ астында жатады. Ол сіздің денеңізден қыздырылып, жылу көзіне айналады. Сондықтан оның одан да суық түскенше шкафта жатқаны дұрыс.

7. Тыныс алатын төсек-орынды қолданыңыз. Мақта, зығыр немесе бамбук — жаздың ыстық күндеріне арналған материалдар. Атлас, жібек және полиэстер төсек-орындарды күзге дейін шкафқа сала тұрыңыз. Пижамаңыздың да мақта матадан болғаны жақсы.

А. Жапатова