Ыстықта салқындаудың ерекше әдістері

Ыстықта салқындаудың ерекше әдістері
Фото: Benjamin Child, Unsplash.com

Ашық түсті киім кию, көлеңкеде тұру, су көп ішу... Ыстықпен күресудің бұл әдістері бұрыннан белгілі. Сіз білмеуіңіз мүмкін басқа әдістермен бөлісеміз.

1. Ащы жеңіз

Ащы өнімдер тері рецепторларын тітіркендіріп, бізді терлетеді. Ал тердің буға айналуы денені салқындатады.

2. Кокос суын ішіңіз

Кокос суы салқындатушы қасиетке ие, ол — қарапайым суға жақсы балама. Оған қоса, ол ыстық өтудің алдын алуға көмектеседі.

3. Ыстық шай ішіңіз

Бұл жерде де тер бөлінуге байланысты. Біз ыстық шай ішкен кезде ағзамыз тердің бөлінуін арттырады. Тер буға айналады — дене салқындайды. Бірақ бұл әдіс буға айналу мүмкін болса ғана жұмыс істейді. Мысалы, ылғалдылығы жоғары аймақтарда бұл әдіс іске аспауы мүмкін.

4. Тыныс алыңыз және медитация жасаңыз

Ыстықта жануарлар көбірек ұйықтап, қозғалмауға тырысады. Осылайша, олар күштерін сақтайды. Сол секілді бізге де аптап ыстықта шаруалармен жүгірмеген жөн. Медитация мен тыныс алу жаттығулары физикалық күш салуды қажет етпейді және дене температурасын төмендете алады.

5. Күрішті қатырыңыз

Мұз — теріні салқындатудың белгілі әдісі. Бірақ ол еріп, киімді су қылады. Сондықтан оның орнына күрішті қатырған дұрыс. Оны пакетке немесе мата қапқа салып, мұздатқышқа қойыңыз. Ол сізді мұз секілді салқындатады және ешқандай із қалдырмайды. 

6. Балмұздақтан бас тартыңыз

Бұл суық десерттегі майдың көп мөлшері оны қорыту процесін қиындатады. Сол үшін ағза қосымша энергия жұмсайды, соның себебінен дене температурасы артады. Сондықтан балмұздақтың орнына жеміс мұзын таңдаңыз.

А. Жапатова