Өзге елдерде басқа мағына беретін 6 ым-ишара

Өзге елдерде басқа мағына беретін 6 ым-ишара
Фото: freepik.com

Көз қысу немесе саусақтарды айқастыру секілді бізге үйреншікті ым-ишараттар басқа елдердің тұрғындарын ашуландыруы мүмкін. Кей белгілер үшін қамауға алатын елдер де бар. Ендеше, қай елдерде бізге үйреншікті ым-ишараттар басқа мағынаны білдіретінін ұсынамыз.

«Ок»

Бас бармақ пен сұқ саусақты дөңгелетіп, қалған саусақтарды тіке ұстайтын «ок» белгісі, әдетте, бәрі жақсы дегенді білдіреді. Ол көптеген елдерде осы мағынаны білдіреді, сондай-ақ ол — кәсіби дайверлердің суға бату жақсы өтіп жатқанын хабарлайтын ым-ишараты. Ал Бразилияда бұл белгіні дұрыс түсінбейді, себебі ол бұл жақта біреуге ортаңғы саусақты көрсеткенмен бірдей.

Бұл елде осы ишаратты АҚШ-тың 37-ші президенті Ричард Никсон қолданып, қателік жіберді. Ол тікұшақтан шығып, екі қолымен «ок» белгісін көрсетті. Жиналған адамдар тобы наразылық білдіріп, ашуланған.

«Татулық»

Латынша V әрпіне ұқсатып сұқ саусақ пен ортаңғы саусақты  созатын татулық ишаратын 60-шы және 70-шы жылдары хиппилер жиі қолданды. Әдетте, оны алақанын сыртқа қаратып көрсетеді.

Ал егер оны Ұлыбританияда және Ирландияда кейін қаратып көрсетсеңіз, әңгімелесушіні еріксіз ренжітіп алуыңыз мүмкін. Бұл дөрекілік шамамен 500 жыл бұрын Франция Англиядан 100 жылдық соғыстан жеңілген кезде пайда болған делінеді. 

Генрих II француз солдаттарының тұзағына түседі, бірақ оның әскерлері қарсыластарын ұзын садақтарды қолданудың арқасында жеңеді. Олар өшін алу үшін ағылшын садақшыларды сұқ және ортаңғы саусақтарынан айырған. Генрих II армиясының жеңген әскерлері француздарды екі саусағын көрсетіп, мазақ ететін болған.

Көз қысу

Кей елдерде, мысалы, Үндістанда бұл ым әдепсіз саналады. Ол жақта ер адам қызға көз қысса, ол интимді қатынасқа ашық ұсыныс жасауды білдіреді. Мұндай ым үшін шапалақ алуыңыз әбден мүмкін.

Сұқ саусақпен шақыру

Кей адамдар басқаны сұқ саусақпен шақырады. Көптеген елдерде де бұл ым осы мағынада қолданылады. Алайда, Филиппинде бұл ымды қолданғаныңыз үшін тұтқынға алынуыңыз мүмкін. Себебі бұл ымды қолдану қоғамда дөрекі әрі орынсыз саналады. Оны тек итті шақыру үшін қолданады.

Саусақтарды айқастыру

Кейде біреулер әңгімелесушіге сәттілік тілеген кезде ол үшін саусақтарын айқастыратынын айтады. Бірақ Вьетнамда олай істеудің қажеті жоқ. Бұл елде саусақты айқастыру әйелдің жыныстық органын білдіреді. Егер бұл ым әңгімелесушіге көрсетілсе, ол ренжіп, сізді дөрекі әрі ұятсыз санайды.

«Бәрі жақсы»

Бәрі жақсы екенін көрсетудің бір әдісі — бас бармақты жоғары көтеру. Бірақ бұл ым Австралияда балағаттауды білдіреді. Ал Грецияда бұл ым «аузыңды жап» дегенді білдіреді.

А. Жапатова