Неге сырға тағып ұйықтауға болмайды?

Неге сырға тағып ұйықтауға болмайды?
Фото: tkaner.com

Гипоаллергенді деп саналатын алтын мен күмістен жасалған әшекей бұйымдарды міндетті түрде сабынды сумен, ал құлақты спиртті майлықпен сүрту керек.

Біз зергерлік бұйымдарды шешпей тағамыз. Косметолог дәрігер Марина Лопаткинаның айтуынша бұл дұрыс емес екен.

"Сырғаларды аптасына бір рет тазалау керек, оларды шешпей тағуға болмайды. Ол үшін сабынды сумен жуып, хлоргексидин немесе мирамистин ерітіндісіне жарты сағат салып қоюды ұсынар едім", - деді дәрігер.

Шындығында, сырғалардың құлыптарында бактериялар жиналады.

"Құлақтағы тесіктерді алкогольді майлықпен мезгіл-мезгіл сүртіп тұруға кеңес берер едім. Алтынды да, күмісті де жуу керек. Бұл металдардың бактерияға қарсы қасиеттері бар, бірақ олардың бетінде белгілі бір флора да қалыптасады. Дерматолог ретінде мен тәулік бойы зергерлік бұйымдарды тағуды ұсынбаймын", - деді ол.

Маманның пікірінше әшекей бұйымдарды тағып ұйықтау әдетте қауіпті. Сырға құлпы дизайнына байланысты құлақтың артындағы теріні жарақаттануы мүмкін.

"Мен өз тәжірибемде әртүрлі металдарға аллергиялық реакцияларды жиі кездестірдім, олар алтын, платина және күміс, сондай-ақ қарапайым металдар болды", - деді дерматовенеролог Лопаткина.

Бірақ сырғаларды, сақиналарды және алқалар ғана емес, сағат бауын да жиі жуып тұру керек.

"Егер бұл металл, мыс немесе күміс бау болса, оны да аптасына бір рет тазалау керек. Күмісті арнайы ерітінділермен тазалаймыз, алтынды сабынмен жуамыз. Былғары бауды жиі ауыстырған жөн немесе алкогольді майлықпен сүртіңіз", - деді ол.

Зергерлік бұйымдар тудыруы мүмкін ауру "аллергиялық дерматит" деп аталады.

Т. Раушанұлы