Жазда қатты терлететін 7 өнім

Жазда қатты терлететін 7 өнім
Фото: Минк Мингл, Unsplash.com

Егер қатты тершең болып кеткеніңізді байқасаңыз, оған кінәлі ыстық күн ғана емес болуы мүмкін. Өзінің термогенді әсері  (мұндай тағам ағзада бөліне бастағанда оның бір бөлігі жылу ретінде босатылады) үшін кей азық-түлік те тершеңдікке әкеледі. Жаздың аптап ыстық күндері қосымша ыңғайсыздық мазаламас үшін қандай тағамдардан бас тартқан жөн.

Тұзды тағамдар

Құрамында натрийі көп тағам жеген кезде денеңіз артық тұздан тер көмегімен арылуға мәжбүр болады. Сондықтан да тұзды тағамдар ыстықта жемеу керек өнімдер тізімінің басында тұрады. Оларға  қытырлақ картоп (чипсы) немесе жаңғақтар секілді тұзды тіскебасарлар, консервіленген өнімдер (әсіресе, балық және көкөністі консервілер), тұздықтар және т.б жатады.

Өңделген өнімдер

Әдетте, өңделген өнімдерде дұрыс қорытуға қажетті жасұнықтар мен ферменттер жетіспейді. Мұндай тамақтарда майдың көп мөлшері болады. Ол ас қорытуды одан сайын қиындатады. Дене ауыр тамақты қорытуға күш салған сайын тер бөліну арта береді. Ең кең тараған өңделген өнімдерге фастфуд, майлы пісірмелер және мұздатылған жартылай дайын өнімдер жатады.

Кофеині бар сусындар

Кофеин орталық жүйке жүйесіне әсер етеді, жүректің жиырылу жиілігін арттырады және қан қысымын көтереді. Содан соң ағза тер бездерін оятып, қашу немесе күресу реакциясын жасай бастайды. Сондықтан жазда құрамында кофеині көп сусындардан бас тартқан жөн. Оларға кофе, қара шай, энергетикалық және көптеген газдалған сусындар жатады.

Алкогольді сусындар

Алкоголь де жүректің жиырылу жиілігі мен дененің ішкі температурасын арттырады, яғни, тердің бөлінуін де күшейтеді. Алкогольді сусындарды қаншалықты көп ішсеңіз, соншалықты көп терлейсіз.

Ащы тағамдар

Ащы дәмдеуіштері бар тағам да тершеңдікті ынталандырады. Күйдіру әсерінің есебінен олар ортаңғы жүйке жүйесін алдап, ағзаны салқындау механизмін іске қосуға мәжбүрлейді.

Тәттілер

Құрамында қант пен көмірсулары көп өнімдер айтарлықтай термиялық әсер өндіреді. Себебі ағзаға оларды ыдырату қиын. Оған қоса, тәтті тағамдар қандағы қант дейгейін бірден арттырып жібереді, ол қатты терлеудің себебі бола алады.

Құрамында ақуызы көп өнімдер

Ақуызды тамақ жоғары термогенді әсерге ие: ол ондағы энергияның бір бөлігін жылу түрінде береді. Оған қоса, біз ақуызды көп жегенде қорыту кезінде қосымша өнім ретінде несепнәр түзіледі. Ал одан ағза тер бөлу арқылы арылады. Сондықтан ыстықта ет пен балықты көп жеу қатты терлетуі мүмкін. Алайда ақуызды өімдер ағзаға пайдалы, сондықтан олардан толықтай бас тартудың қажеті жоқ.

А. Жапатова