12.12.12 не істеуге болады?

12.12.12 не істеуге болады?

"Әдемі" күн жайлы айтқан түрлі ғалымдардың көзқарастары, болжамдарымен таныстырып өткен едік. Олардың пікірлеріне қосылмасаңыз да, бұл күннің ерекше екені айдан анық. Оны қалай өткізуге болады?

Бұл күні біреулер табиғи тылсым оқиғалар күтіп отырса, басқалары оған сенбей күнделікті өмірін кешуде. Адамның ойлап тапқан күнтізбесіндегі сандар сәйкестігі ғажап құбылыстарға әкелмесе де, бұл күнді өзіміз ұмытылмастай етіп жасауға болады емес пе?

Сонымен, 12.12.12 не істеуге болады?

  • ҮЙЛЕНУ! Әрине, бұндай күнді өз есіңде мәңгілік қалдырудың бірден-бір амалы заңды неке қиып, отбасылы атану. АХАЖ бөлімінде адам көп болатындығына, мейрамханаға бірнеше ай алдын ала тапсырыс беру керектігіне де мейлі дейсің. Көп қыздардың басында "Жігітім болса, тура қазір үйленер едім!" деген ойдың тұрғаны анық.
  • 12.12.12 күні 12 тілек тілеу. Олардың жүзеге асатынына кепіл бере алмаймыз, алайда өз армандарыңызды бір еске алып, "топ-12" құрауға болады. Осылайша өз мақсаттарыңыз бен армандарыңызды жүйелеп аласыз.
  • 12 досыңызға 12 смс жазыңыз. "Сәлем, бүгін 12.12.12 екен, есіңе түсірейін деп едім..." деген хабарлама достарыңыздың да көңілін бір көтеріп қалар. Ал ешкім білмеген "12-лік" салтын жасаған сіз, өзіңіздің бұл күнмен байланысыңызды аңғарып, осындай ерекше күнге сай амал жасағаныңызға мәз боласыз.
  • 12 шаруаны тындыру. Бүгін қалай болса да 12 ісімді бітіремін деп іштей ниеттеніп, талай жұмысыңызды тындырып қоя аласыз. Ал күш пен энтузиазмды осындай күннен алуға болады.
  • Сезіміңізді айта алмай жүргеніңізге көп болды ма? Ендеше бұл күн батыл қадамды жасау үшін таптырмас кез. Егер енді қайталанбайтын күн сөз салуға итермелей алмаса, онда сізді не көндіре алады?
  • Бұл күн рухани тазаруға, жыл бойы жиналған артық қиындықтар мен өкпелерді жіберуге болатын кез. Ол үшін кез келген рәсім таңдаңыз: далаға шығып, 12 рет айқайлаңыз, 12 қағаз жандырыңыз, 12 адамнан кешірім сұраңыз, 12 минутты тыныштықта өткізіңіз...

Бұл күннің ерекше болар болмасы тек сіз бен біздің қолымызда. Күнделікті күндер сияқты 24 сағаттан тұратын бұл уақытты ұмытылмас, мәңгілік есте қаларлық ету арқылы сіз өзіңіздің әлеммен, осы күнмен байланысыңызды сезе аласыз.

Ал сіз 12.12.12 не істейсіз?

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: shkolazhizni.ru

С. А