Онлайн-олжа: Логотип жасайтын тегін сервис

Онлайн-олжа: Логотип жасайтын тегін сервис

Hatchful – логотипті ықшам әрі тез жасауға мүмкіндік беретін тегін сервис. Мұнда 5 минут ішінде жаңа логотип жасауға немесе соған идея табуға болады.

Мысалы Massaget порталына логотип жасап көрейік. Бірінші сайтқа электрон поштамен тіркелу керек екен. Сосын сервистен мынадай бөлімдердің бірін таңдау керек: сән, денсаулық, үй, тамақ, спорт, технология, өнер және тағы басқалары.

 

Бұл логотиптің бағытын анықтау үшін керек екен.

Сосын логотиптің визуал стилін анықтау қажет.

 Кейін логотипегі жазу мен ұрансөзді жазу керек. Нәтижесінде бірнеше нұсқалар жайнап шыға келеді. Ең керегін таңдап, түсін, шрифтін өзгертіп, өңдеп алуға болады.

Мысалы мынау көп нұсқаның бірі. Дайын біреуін таңдап болған соң, сервис оны әлеуметтік желілердің форматына сай әртүрлі көлемін электрон поштаңызға сығымдап жібереді.

Өзге онлайн-олжалар

Massaget.kz