Файлды PDF-тен Word-форматқа қалай ауыстыруға болады?

PDF (Portable Document Format) – көбі білетін танымал, ыңғайлы формат қана емес, 2008 жылы бекітілген стандарт. Оны Adobe Systems компаниясы жасаған. Бұл форматтың ерекшелігі – файл, құжат барлық құрылғыда бірдей көрінеді, кемшілігі – ондағы мәтінді өңдеуге болмайды, тек арнайы бағдарлама керек. Оны docx форматына ауыстыруға болады.

Конвертацияны бірден браузерде онлайн жасаған дұрыс. Мына сайттарға PDF-файлды салып, аз ғана уақытта дайын docx-файлды жүктеп алуға болады:

1)PDF to DOC →
2) PDF.io →
3) PDF Online →
4) Soda PDF Online →
5) PDFCandy →
6) Convertio →
7) Free PDF Convert →
8) PDF 2 GO →
9) iLovePDF →
10) PDF to Word →