Педофилия қандай ауру?

Педофилия – психикалық бұзылу, жыныстық ауытқулардың бірі. Бұл ауруға шалдыққан адамдарды "педофил" деп атайды. Педофилдер көбіне кәмелетке толмаған балаларды зорлайды. Олардың назарына қыздар да, ұлдар да түсуі мүмкін. Бұл ауру неден пайда болатыны туралы толық зерттелмеген. Бірақ кейде генетика бойынша берілуі мүмкін.

"Педофилды қалай анықтауға болады?" деген сұрақ жиі қойылады. Өкінішке қарай, көрші, туыс, танысың, тіпті, досың да болуы мүмкін. Олар қарапайым адамға ұқсайды, мінезі тұйықтау болады. Көбіне өз қызығушылықтарын жасырады. 

"Зорлаушының көзімен" атты зерттеуінде Нина Сюзан Томас, бізге керек көптеген сұраққа жауап берді.

1. Зорлаушы ең біріншіден, шашқа мән береді. Көп жағдайда олар шашы жиналған қыздарды таңдайды. Себебі ұстауға жеңіл. Сондай-ақ, шашы қысқа қыздар шашы ұзындарға қарағанда, олардың мақсатына айналмайды.

2. Екіншісі – киім. Көбіне шешіндіруге оңай қыздарды іздейді. Киімді кесу үшін өздерімен бірге, қайшы ұстайды екен.

3. Ұрлауға немесе шабуыл жасауға ең танымал жері – көлік тұрағы немесе сауда орталығындағы азық-түлік дүкендері.

4. Осындай адамдардың басты мақсаты – қызды ұрлап алып, басқа жерге орналастыру.

5. Егер де педофилге қарсылық танытса, олар зорлайтын ынтасын жоғалтады.

6. Қыздың қолында қолшатыр немесе соған ұксас зат болса, оның артынан жүрмейді.

Ата-ананың басты мақсаты – педофилды анықтау емес, өз баласына мұқият қарау. Кей жағдайда педофилдер баланы қорқытып, жылдар бойы қорлауы да мүмкін. Сондықтан баланы тыңдау білу керек, өйткені бала ата-анам жазалайды деген оймен бәрін жасырып жүруі мүмкін.

Педофилдер жан-жақты емді қажет етеді, әйтпесе оның салдары қайғылы болуы мүмкін. Педофилия – ең бірінші кезекте шизофрения сияқты психикалық ауру, осыны түсіну маңызды.

Қазіргі таңда, елімізде кәмелеттік жасқа толмағандарды зорлаған 1600 адам жазасын өтеп жатыр. 

Кантаева Ажар