Логотип классификациясы: Nokia-дан Netflix-ке дейін

Логотип классификациясы: Nokia-дан Netflix-ке дейін
Фото: Максим Алимкин

Логотип компания дизайнының басты және жалғыз элементі емес. Дегенмен логотиптің компания табиғатын ашатындай келісті болғанына не жетсін. Мұндайда оның қандай стильде жасалғанына мән беру керек. Назарыңызға Tondo студиясының арт-директоры Максим Алимкиннің логотиптер классификациясына талдауын ұсынамыз.

Шрифтке негізделген логотип

Кейбір тапсырыс берушілер шрифтке негізделген логотипті жай ғана жазу деп қабылдайды. Ал танымал логотиптерде мұндай проблема жоқ. Оларды бәрі таниды, көз үйренген. Шрифт арқылы компанияның сипатын, құндылығын көрсетуге болады.

Canon-да да, Netflix-те де фирмалық белгі жоқ, тек қана жазу. Бірақ бұдан брендтер еш ұтылған жоқ. Еш белгісіз-ақ компаниялардың логотибі танымал болып кетті. Жоғарыдағы логотиптердің бәрі қызыл болса да олар бір-бірімен бәсекелеспейді. Әркім өз нарығында қожа.

Сол сияқты мына логотиптер де ешқандай дау тудырмайды. Олар Nokia мен Casio сияқты ұқсас болуы мүмкін, Panasonic пен Ecco сияқты бір-біріне мүлде ұқсамауы мүмкін. Бірақ конструктив тұрғыда мұның бәрі – шрифтке негізделген логотиптер немесе "жай ғана жазу".

Мына суреттегі логотиптер антиквамен (кертілген таңба) жасалған. Бұл да компанияның табиғатынан хабар береді: Sony өзіне сенімді әрі сабырлы, The New York Times ертеден келе жатқан газет екенін аңғартады.

Ал мына топтамадағылар сәл күрделірек – жазуда түрлі түстер қолданылған. Бұл бәсекелестерден ерекшеленуге мүмкіндік береді, бірақ ойнақылыққа салыну қаупі басым болады. Мысалы Google мен Ebay логотиптері.

Каллиграфия

Негізі бұл да шрифтке негізделген логотип, бірақ мен оларды бөлек категорияға жатқыздым. Каллиграфия бренд табиғатын барынша ашуға мүмкіндік береді. Оның эмоционал, мәнерлі реңкі бар.

Мәселен Carlsberg логотибі көне дәстүр мен рецептіні сақтағанын көрсетіп тұр, Ray-Ban еркіндік пен шарттылықтың жоқ екенін меңзейді, ал Esquire "досым, сен ешкімге ұқсамайсың" деп тұрғандай.

Лого + минимум графика

Енді сәл күрделендірейік. Шрифтке негізделген логотипке сәл графика қосайық. Мұнда графикалық элементтің өзіне аса назар аудармайтындай келісті жасалғаны маңызды.

Мұның ерекшелігі неде? Логотип сәл күрделене түседі, сөйтіп басқаларды қайталамауға тырысады. Графикалық элемент логотипті ойнатуға мүмкіндік береді. Мысалы Citibank элементі қорғаныс пен сенімділікті көрсетіп тұр, ал Amazon-дағы элемент А-дан бастап Z-ке дейінгінің бәрі бар дегенді меңзейді.

Логобелгі

Логобелгі де шрифтке негізделген логотипке ұқсайды, бірақ ол жай ғана шрифт категориясы үшін күрделірек.

CNN мен LSO логотиптері бір сызықпен жасалған. Ал РЖД-ны дәстүрлі тәсілмен оқу мүмкін емес. ЗМ-ны бұл топтамада артық деуге болатын шығар, бірақ оны жазудан гөрі белгіге жатқызған жөн.

Мына логотиптер де өз белгісімен үйлесіп тұр.

Лого + кесінді

Бұлар да шрифтілі логотипке жатады, бірақ жазу артындағы кесінді формалар бөлек категорияға лайық.

Белгі + лого

99% адамның ойынша, логотип деген – эмблема (белгі) + сөз (логотип). Көріп тұрғаныңыздай, бұл – конструкциялардың тек бір түрі ғана және оны өте ыңғайсыз әрі көнерген деуге болады.

Десе де, мұндай конструцияның өз артықшылығы бар, мысалы белгіні логодан бөлек қолдануға болады. Түрлендіріп жеке-жеке икемдеуге ыңғайлы.

Кемшілігі де бар: конструкция тұтастай арбиған, күрделі болып көрінеді.


Көбіне мұндай логотип біраз уақыт жұмыс істеп келе жатқан брендтерде бар. Уақыт өте келе олар белгіні өзгертіп, ықшамдап, жаңа өң беріп отырады, бірақ оны алып тастауға асықпайды – бұл да дұрыс. Адамдар да оған үйреніп қалған, сол белгі арқылы брендті таниды.

Белгілер логотиптің кез келген жерінде орналасуы мүмкін, бірақ бір-бірінен еш ажырамай, тұтас күйінде қолданылады.

Белгі – негізгі элемент

Тек белгіден тұратын мұндай логотип жазусыз қолданылады. Болғанның өзінде жазу қосалқы элемент болады.

Massaget.kz