Адамды бостандығынан айыру мен бостандығын шектеудің айырмашылығы қандай?

Адамды бостандығынан айыру мен бостандығын шектеудің айырмашылығы қандай?

Қазақстан заңнамасы бойынша адамды бостандығынан айыру мен бостандығын шектеудің қандай айырмашылығы бар? Мұндай жазалардың нақты қандай шектеулері бар? Бұл сұрақтарға заңгер Сәкен Ілиясов жауап берді.

Сәкен Ілиясов © Жеке мұрағатынан

Сотталған адамды бас бостандығынан айыру дегеніміз – оны қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесіне жіберу арқылы жазасын өтету. Нақтырақ айтқанда, қылмыс жасаған адамның жазасын өтету үшін оны түрмеде, колонияда қамауда ұстау.

Ал бостандығын шектеу – сотталған адамның бүкіл жазаны өтеу мерзімінде өзінің тұрғылықты жері бойынша пробация органының бақылауында болып, қоғамнан оқшауланбай жазасын өтеуі. Яғни сотталған тұлға бас бостандығынан айырылу мерзімін ҚР Заңдарында көрсетілген тәртіпке сәйкес өзінің тұрғылықты мекенжайы бойынша жазасын өтейді.

Сот үкімімен бостандық шектелгенде қандай шектеулер болады?

Бас бостандығы шектелген тұлға жазаны өтеудің бүкіл мерзімі ішінде жыл сайын жүз сағаттан мәжбүрлі еңбекке тартылады. Мәжбүрлі еңбекті жергілікті атқарушы органдар қоғамдық орындарда ұйымдастырады және күніне төрт сағаттан аспайтын уақытта өтеледі. Сонымен бірге бас бостандығы шектелген адам жазаны өтеу кезінде пробация органдарының бақылауына алынып, айына кемінде бір рет барып белгіленуі керек. Сол мерзім ішінде пробация органының қызметкерлері жазасын өтеушіні бақылау мақсатында тұрғылықты мекенжайы бойынша шектеу шараларының сақталуын тексере алады. Бұдан бөлек сот қосымша шектеулер қоя алады.

Жазаны өтеп жатқан адам инспекция рұқсатынсыз жұмыс, оқу және тұрғын орындарын ауыстырмауға, оқудан және жұмыстан бос уақытта тұрғылықты жерінде болуға, инспекция бекіткен мерзімде тәрбие іс-шараларын жүргізуге қатысу және тіркелу үшін инспекцияға келуге, жиырма төрт сағат ішінде жұмыс немесе оқу кестесінің өзгергені туралы инспекцияны хабардар етуге, өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжатын алып жүруге міндеттеледі.

Бостандығы шектелген тұлға айыппұл төлеуге міндеттелуі мүмкін. Сот айыппұл мөлшерін қылмыстың дәрежесіне қарай белгілейді.

Егер бостандығы шектелген адам жазаны өтеуден қасақана жалтаратын болса, қалған мерзімінде сот үкімімен бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Әлемнің ең қауіпті елдері
Әлемнің ең қауіпті елдері
2020 жылғы "Болашақ" стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды
2020 жылғы "Болашақ" стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды
НАСА тіршілік іздерін іздеу мақсатында Шолпан планетасына зонд жібермек
НАСА тіршілік іздерін іздеу мақсатында Шолпан планетасына зонд жібермек
Итбегілік өнері ресми спорт түріне қосылуы мүмкін
Итбегілік өнері ресми спорт түріне қосылуы мүмкін
Қазақстандық оқушылар үшін тегін онлайн шахмат мектебі ашылды
Қазақстандық оқушылар үшін тегін онлайн шахмат мектебі ашылды
ФИФА ұлттық құрамада ойын өткізген футболшыға өзге құрамаға ауысуға рұқсат етті
ФИФА ұлттық құрамада ойын өткізген футболшыға өзге құрамаға ауысуға рұқсат етті