Подкаст жазар алдында дауысты қалай күту керек?

Подкаст жазар алдында дауысты қалай күту керек?

Подкастердің ең маңызды құралы поп-ап фильтрі бар микрофон емес, оның дауысы. Оны дамытып, күтім жасау да аса маңызды. "Понаехавшие" подкастының авторлары Эрика Берче мен Александр Любчиков дауысты күтуге қатысты бірнеше кеңес ұсынады.

1. Эпизод жазар алдында телефонмен ұзақ сөйлеспеңіз. Неге? Телефонда шағылған дыбыс жоқ, соның әсерінен адам қаттырақ сөйлеуге мәжбүр болады және ұзақ сөйлескенде дауыс та шаршай бастайды ("Дауыс қуаты", Ж. Абитболь, 2017).

2. Эпизод кезінде ешқандай киім қысып тұрмауы керек. Көйлегіңіздің жоғарғы түймелерін ағытып, белдігіңізді босатып қойыңыз.

3. Подкаст алдында ақ шарап сияқты құрамында сульфиті бар сусын ішпеген жөн. Себебі ол дауыс желбезегін құрғатып жібереді. Ал шай, кофе, жылы судың еш зияны жоқ ("Дауыс қуаты", Ж. Абитболь, 2017).

4. Дауыс жазар алдында сүт тағамдарынан бас тарту керек. Ол шырыштың пайда болып, қоюлануына сеп болады. Салдарынан жұтқыншақ жыбырлап, дауыс желбезегіне бірдеңе жабысып қалғандай болады ("Дауыс қуаты", Ж. Абитболь, 2017).

5. Қоршаған ортаның жылдам ауысуынан, эпизод алдында өкпеге салмақ салып, жүгіруден сақтаныңыз. Бұлар да тамақты құрғатып жібереді.

6. Эпизодқа 20 минут қалғанда дене қыздырып, жеңіл жаттығу жасап, мойын, қол, иық, буындарды қозғалтыңыз. Бұл дауысқа қосымша қуат береді.

7. Подкаст жазар алдында темекі шекпеген жөн. Түтін шырышты қабықты құрғатып жібереді, салдарынан дауыс тембрінің бояуы кетеді.

8. Жиі есінеп тұрыңыз. Есінеу – көмейдің табиғи реклаксаторы. Тамағыңыз жыбырлап немесе шаршап қалғанын сезе бастасаңыз, есінеңіз.

Диктор мен әнші дауысына қалай күтім жасайды?

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Әлемнің ең қауіпті елдері
Әлемнің ең қауіпті елдері
2020 жылғы "Болашақ" стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды
2020 жылғы "Болашақ" стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды
НАСА тіршілік іздерін іздеу мақсатында Шолпан планетасына зонд жібермек
НАСА тіршілік іздерін іздеу мақсатында Шолпан планетасына зонд жібермек
Итбегілік өнері ресми спорт түріне қосылуы мүмкін
Итбегілік өнері ресми спорт түріне қосылуы мүмкін
Қазақстандық оқушылар үшін тегін онлайн шахмат мектебі ашылды
Қазақстандық оқушылар үшін тегін онлайн шахмат мектебі ашылды
ФИФА ұлттық құрамада ойын өткізген футболшыға өзге құрамаға ауысуға рұқсат етті
ФИФА ұлттық құрамада ойын өткізген футболшыға өзге құрамаға ауысуға рұқсат етті