Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Жаднама / Сөредегі тауар бағасы мен кассадағы баға сәйкес келмесе не істеу керек?

Сөредегі тауар бағасы мен кассадағы баға сәйкес келмесе не істеу керек?

Сөредегі тауар бағасы мен кассадағы баға сәйкес келмесе не істеу керек?

Дүкен сөресіндегі тауар бағасы мен кассадағы баға әртүрлі болған жағдайда тұтынушы қай бағамен сатып алады? Дәл осы жағдай интернет-дүкендерде болса не істеу керек? Бұл сұрақтарға заңгер Медет Сәлімгерей жауап берді.

Тауар бағасы кассаға жеткенше қымбаттап кететін жағдай болып тұрады. Бұл дегеніміз – жария оферта келісімін бұзу. Сатушы тұтынушыға дүкен сөресінде көрсетілген бағамен сатуға міндетті. Себебі сөредегі баға – жария оферта, яғни сіз бағасы көрсетілген белгілі бір тауарды кассаға апара жатып дүкенмен жария келісімшарт жасасып қойдыңыз.

Егер кассадағы және сөредегі баға әртүрлі болса, оны суретке түсіріп алу керек те, дүкен әкімшілігін шақыру керек. Тауарды сатып алып қойған жағдайда, сізге бөлек чек шығарып, артық ақшаны қайтарып береді. Егер мұны істемесе, дәлел болатын сурет пен чекті алып, Ұлттық экономика министрлігіне қарасты Тұтынушылардың құқығын қорғау комитетінің жергілікті бөлімшесіне арыз беру керек. Комитет бұған тиісті шара қабылдайды.

Интернет-дүкендегі баға айырмасына қатысты шара да дәл осындай. Тек мұндағы сөре сайтта орналасқан. Әдетте интернет-дүкеннің сайттағы жүйесі мұндай олқылыққа жол бермейді. Бірақ тұтынушы дүкеннен өзі барып алып-қайтатын кезде тауар бағасы сайттағыдан қымбат болуы мүмкін. Себебі дүкен сайттағы бағаны жаңартып үлгермеген. Мұнда да сатушы сайттағы бағамен беруге келіспесе, сіздің құқығыңызды бұзған болып саналады. Сондықтан бұл жағдайда да жергілікті комитетке жүгінген жөн.

 
0
Рейтинг: +1

Дайындаған: Әлібек Оразбай
Фото: elements.envato.com
Қосылған күні: 26 маусым, 14:47

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.