Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Жаднама / Артық сауда жасауға итермелейтін маркетологтардың 5 айла-тәсілі

Артық сауда жасауға итермелейтін маркетологтардың 5 айла-тәсілі

Артық сауда жасауға итермелейтін маркетологтардың 5 айла-тәсілі

Маркетологтар адамдарды көбірек сауда жасауға итермелейтін лайфхактарды жиі қолданады. Сондықтан адамдар дүкенге барып, тек өздеріне қажеттіні алып қана қоймай, оған қоса тағы бірнеше зат сатып алып келеді. Киім сататын дүкендер маркетингтің қандай әдістерін қолданады?

Дүкенді айнамен толтырып қою
Қыздар жаңа киім киіп, айнаға қайта-қайта қарағанды ұнатады. Оны маркетологтар біледі және әйелдердің бұл әлсіздігін жақсы қолданады. Сондықтан олар дүкеннің ішін адамды визуалды түрде арықтатып және ұзартып көрсететін айналармен толтырып қояды. Айнадан өзінің «сымбатты» кескінін көрген әйел ол киім оған аса қажет болмаса да немесе үйде соған ұқсас киімдері бар болса да оны сатып алады.

Мұндай жағдай орын алмас үшін дүкенге сыртқы бейнеңізді шынайы бағалай алатын құрбыңызбен немесе әпкеңізбен бірге барыңыз. Содан соң жаңа киім киіп тұрғаныңызды телефонға суретке түсіртіңіз. Суретке қарап, ол киімнің сізге келетінін не келмейтінін сыртқы көзбен бағалай аласыз. Ол гардеробыңызға шынымен де қажет пе екені жайлы тағы да жақсылап ойланыңыз.

Топтамамен жаппай сату
Адамдар дүкендегі «2999 теңгеге үш футболка алыңыз!» деген жазуды көріп, бірден дүрлігіп, өз өлшемін іздей бастайды. Олар футболкалардың бір-бірінен айырмашылығы жоқ және сапасы жақсы емес екеніне мән бермейді. Оның үстіне мұндай жеңілдікте тұрған киімдерде, әдетте, шығып тұрған жіптер мен тесіктер болады. Ең қызығы, егер дүкенді жақсылап аралап шықсаңыз, шамамен 1000 теңгеге бір футболка табуға болатынын байқайсыз. Яғни, сіз бұл жеңілдік арқылы ақша үнемдемейсіз, керісінше, артық киім аласыз. Мұндай әдістерді көбіне колготки, футболка, шұлық немесе ішкі киім секілді ұсақ киімдерге қолданады.

Сондықтан 3 бірдей және қажет емес футболканы алып, кассаға жүгірудің қажеті жоқ. Егер шынымен футболка қажет болса, біреу болса да сапалы түрін іздеңіз.

Мінсіз манекен
Витринада киімдер стильді, әдемі, үйлесімді көрінетінін және олар манекенге күшті жарасатынын байқаған боларсыз. Бірақ көпшілік манекендегі киімдерді толықтай алмайды, тек ұнаған бір жейде немесе белдемшені сатып алады. Ал үйге келгенде оны басқа киімдермен үйлестіре алмайды немесе ол артық киім болып шығады. Сондай-ақ ол киім сізге манекендегідей әдемі көрінбеуі мүмкін. Себебі манекенге ең кішкентай өлшемдегі киімді кигізеді, тіпті, кейде артын қыстырғышпен қыстыру арқылы кемшіліктерін түзеп қояды.

Манекеннен көрген киімді алғыңыз келсе, алдымен оны үйде бар қандай киіміңізбен үйлестіретініңізді ойлаңыз.

Ретсіздік
Бұл әдіс сатып алушының түпкі санасына әсер етеді. Егер әдемі етіп ілініп тұрған киімдердің қасына киімдер ретсіз жатқан үстелше тұрса, адамдардың көбі үстелшенің үстін қарайды. Себебі олар мұндағы киімдерді көп адам киіп қарағандықтан қажеттінің және қызықтың бәрі осында деп ойлайды. Бірақ сатушылар сатылымды жоғарылату үшін әдейі ретсіздік жасайды.

Уақытыңыз болса, дүкеннің ішін асықпай аралап шыққан жөн. 

Алқызылға салық
Әйелдер үнемі ақша жұмсауға дайын тұрады. Статистика бойынша, қыздарға арналған тауарлар 37%-ға қымбат келеді. Ол қыздарға арналған тауарлардың сапасы немесе құрамы жақсырақ деген сөз емес. Олар аяқ астынан сауда жасауға бейім келеді. Тіпті, «алқызылға салық» деген түсінік те бар. Ол бағаның гендерлік айырмашылығын және әйелдер заттарының алқызыл реңкпен байланысын көрсетеді.

Сондықтан ерлер бөлімін де қарап көріңіз. Қазір unisex киімдер көп. Мысалы, сапалы әрі арзанырақ базалық футболканы ерлер бөлімінен оңай таба аласыз.

Тағы да киетін ештеңе жоқ па? Әрдайым гардеробыңыздан киетін ештеңе таба алмауыңыздың 10 себебін ұсынамыз.

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ақтоты Жапатова
Фото: bizneszakon.ru
Қосылған күні: 28 наурыз, 15:02

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

--> --> -->