Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Жаднама / Король ұрпағы сақтауы тиіс 10 ереже

Король ұрпағы сақтауы тиіс 10 ереже

Король ұрпағы сақтауы тиіс 10 ереже

Көпшілік британ корольдік отбасының өміріне қызыға қарап, әр қадамдарын бақылап отырады. Корольдік отбасылардың толығуын күтетіндер де аз емес. Алайда болашақ ханзадалар мен ханшайымдардың өмір сүру ережесі алдын ала жазылып қойғанын бірі білсе, бірі біле бермейді. Корольдік отбасыда дүниеге келген балалар сақтауы тиіс ерекше ережелерді ұсынамыз.

Бірнеше есім қою
Британ корольдік отбасысында әр жаңа туылған сәбиге 3-4 есімнен берілуі керек. Ол бұрынғы монарх немесе жақын туыстарының есімдері болуы мүмкін. Сондай-ақ, баланың кіндік әке-шешесі де көп болады. Мысалы, кішкентай Шарлоттаның (Шарлотта Элизабет Диана) 5 кіндік ата-анасы болса, Джордж (Джордж Александр Луи) ханзаданың 7 кіндік ата-анасы бар. Сонымен қатар, корольдік балаларға фамилия қажет емес: ХХ ғасырға дейін оларда фамилия мүлдем болған жоқ. Ал қазір оларда мектепке барарда ғана фамилиясы болады. Корольдік балаларды көпшілік алдында лақап атпен атауға болмайды.

Селфи жасамау
Ханзадалар мен ханшайымдарға әлеуметтік желіде лақап атпен тіркелуге тыйым салынады және мүлдем селфи жасауға болмайды. Олармен басқа адамдар да селфи жасай алмайды.

Жеке күзетшісіз жүрмеу
Корольдік балалар бақылап жүретін ересек адамсыз ешқайда бара алмайды. Бұл әрекет өтпелі кезеңдегі кез келген жасөспірімге ұнамауы мүмкін, бірақ корольдік балаларда басқа амал жоқ.

Дресс-код сақтау
Мысалы, Шарлоттаны бәрі қызығатын үлпілдек алқызыл "ханшайымдар көйлегінде" көре алмайсыз. Оған классикалық киім кию ғана рұқсат. Ал Джордж ханзада 8 жасқа толғанша кез келген ауа райында шортымен жүреді. Корольдік отбасының айтуынша, ағылшын климаты кішкентай балаларға тізесі ашық киіммен жүруге еш кедергі емес. Бұрын корольдік балаларға бір реттік жөргек кигізуге де рұқсат болмайтын, бұл ережені өзгерткен Диана ханшайым болды.

Тәж тақпау
Жоғары мәртебесіне қарамастан корольдік отбасындағы қыздар шаш үлгісін тәжбен безендіре алмайды. Себебі күйеуге шыққан әйелдердің өзі диадеманы мерекелік шарада патшайым тәж бен құнды әшекейлермен отқан кезде ғана таға алады. Ал күйеуге шықпаған қыздар да мұндай да артықшылық жоқ.

Түскі асты патшайым аяқтаған соң жалғастырмау
Бұл ағылшын сарайындағы қатаң ережелердің бірі: егер патшайым шанышқысы мен пышағын дастарханға қойып қойса, басқа ешкім тамақ ішуді жалғастырмайды.

Кез келген сыйлықты күлімдеп қабылдау
Карольдік отбасы мүшелері – Англиядағы өте атақты тұлғалар. Ханзадалар мен ханшайымдарға кішкентай кездерінен бастап өте көп сыйлықтар жібереді. Олар сыйлықтардың әрқайсысын күлімдеп қабылдауға міндетті. Сондықтан оларды кішкентай кездерінен бастап сыйлық мүлдем ұнамаса да, оны сыпайылықпен қабылдауға үйретеді.

Көп тіл білу
Корольдік мәртебе бойынша, әр ханзада мен ханшайым болашақта әлем аралап, түрлі елдердің адамдарымен ортақ тіл таба білуі тиіс. Мысалы, Джордж ханзада мен Шарлотта испан тілін оқуды бастап кетті.

Этикетті сақтау
Корольдік балаларға шет тілдерін үйреткенімен олар міндетті түрде өздерінің ағылшын тілінде өте жақсы сөйлеуі керек. Сондай-ақ, оларды кішкентай кездерінен бастап этикетті сақтауға үйретеді.

"Монополия" ойнамау
Бұл ойын не үшін корольдік отбасыға ұнамайтыны белгісіз. Кішкентай ханзадалар мен ханшайымдарға достарымен бірге "Монополия" ойынын ойнауға болмайды.

Неліктен ақсүйек қалыңдықтар құрбыларына гүл лақтырмайды?

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ақтоты Жапатова
Фото: yahoo.com
Қосылған күні: 26 ақпан, 15:22

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.