"Жаңа жылдан бастаймын": жыл сайын орындалмайтын жоспарды жүзеге асыру

"Жаңа жылдан бастаймын": жыл сайын орындалмайтын жоспарды жүзеге асыру
Фото: freepik.com

Көбіміз дүйсенбіден бастап фитнеске жазыламын не диета ұстаймын, жаңа жылдан бастап жаңа курсқа жазыламын деген секілді шегі жоқ уәделермен өзімізді алдаймыз. Әр күні өз өзімізді алдаусыратып орындамауға сылтау тапқаннан кейін ол жоспардың барлығы арманға айналып қала береді. Назарыңызға ойға алған істі орындау тәсілдерін ұсынамыз.

Мақсат: Спортпен айналысу
Әдіс: "Аптасына 4 рет 30 минут жаттығу жасаймын"

Фитнеске қатысамын, үйде жаттығу жасаймын деген жалпылама жоспарға қарағанда, мақсатыңыз айқын болса, оны орындауға да бір табан жақындай түсесіз. Неден бастау керек екенін нақты білесіз. Дұрыс бағдарлама таңдау да маңызды. Мысалы бұлшықеттеріңізді жаттықтырғыңыз келеді, алайда үнемі штанга көтерумен ғана айналысатын болсаңыз, оның ағзаға пайдасы аз болуы мүмкін, оған кардиологиялық қысымды да қосу керек. Егер дәл қазір спортпен айналысқыңыз келсе, жаңа бастағандарға арналған бейнесабақ немесе жақсы үйрететін жаттықтырушы іздеуден бастаңыз.

Мақсат: Жүйкені жұқартпау, шаршаңқы күйден арылу
Әдіс: "Ұйықтар уақытқа да ескертпе қоямын, сонда 8 сағат толықтай демалуға мүмкіндік туады"

Уақытылы жатып, уақытылы оянып, күнделікті бір режим сақтансаңыз, 2-3 күнде ағзаңыз осы тәртіпке тез үйреніп алады. Әдетте күндіз бітіре алмаған істерді кешкі уақытқа қалдырамыз да, ұйқы режимін бұзып аламыз. Ал жеткілікті түрде ұйықтай алмасаңыз, жиі-жиі тамақ ішкіңіз келіп, артық салмақ қосып алуыңыз мүмкін. Ұлыбританияда жүргізілген зерттеуге сүйенсек, 7-12 сағат ұйықтайтын адамдарға қарағанда, 3-5 сағат қана ұйықтайтындар артық 385 калория қажет етеді екен. Ұйқының сапасы да маңызды. Мәселен сіз ұйқыға жатар алдында смартфоннан кітап оқып, оны ойда қорытып біраз уақыт жататын болсаңыз, бұл ұйқыға жату боп есептелмейді.

Мақсат: Зиянды тамақтарды жемеу
Әдіс: "Қант қосылған тағамдарды жемеймін"

Ағзаға пайдалы таза табиғи қант жеміс-жидектің де құрамында бар. Ал арнайы қант қосылған тағамдар тек артық калория жинауға ғана сеп болады, өзге еш пайдасы жоқ. Күніне әйелдер 25 грамм, ерлер 36 грамм қант қабылдаса жеткілікті. Ал бұл 25 грамм қант бір құты коланың не бір құты салқындатылған шайдың құрамынан табылады. Бұл өнімдерді тұтынудан өзіңізді шектесеңіз, ағзаңыз біраз жасарып, жаңарып қалады.

Мақсат: дұрыс тамақтану
Әдіс: "Күніне бес мезгіл жеміс-жидек не көкөніс жеуді әдетке айналдырамын"

Осы тағамдарды жеуге болмайды деп өзіңізге шектеу қою орнына осы тағамдарды жеймін деген мақсат қойыңыз, сонда жеміс-жидекке қанағаттанған асқазыныңы зиянды тағамнан өзі-ақ бас тартып тұрады.

Мақсат: Сырттан тамақтанбаймын
Әдіс: "Әр аптаға пісіретін тамағымның жоспарын жасаймын"

Бір қарағанда әр апта сайын жаңа мәзір жасап отыру ақылға қонымсыз көрінуі мүмкін, алайда үйден әзірленген тағамға ештеңе жетпейді. Оның үстіне кафеге жұмсайтын ақша да біраз үнемделе түседі. Үйден өз қолыңызбен жасасаңыз, зиянды соустарсыз, дәмдеуіштерсіз, артық майсыз-ақ дәмді ас әзірлейсіз.

@. @assel_assanova