Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Жаднама / Ақыл-ой қабілетін қалай дамытуға болады? Қарапайым 7 кеңес

Ақыл-ой қабілетін қалай дамытуға болады? Қарапайым 7 кеңес

Ақыл-ой қабілетін қалай дамытуға болады? Қарапайым 7 кеңес

Скотт Янг – жазушы, программист, блогер. Скотт Массачусетс технология университетінің 4 жылдық бағдарламасын 1 жыл ішінде меңгеріп, MIT Challenge арқасында танымал болды. Ол өзінің блогында ақыл-ой қабілетін дамытудың тәсілдерін бөлісті. Massaget.kz назарыңызға ең бастысын ұсынады.

Миыңызды дайындай беріңіз

Сізді күрделі, ақыл-ой еңбегі күтіп тұрғанын білсеңіз, алдын ала дайындалыңыз – бұл шаруаны қалай бітіретініңізді визуализациялап, жоспарлаңыз. Сонда алдағы жүк күтпеген жайттай сезілмейді.

Қосымша іс тауып алыңыз

Кейбір іс қанша күрделі болса да, адамды зеріктіріп жіберуі мүмкін. Мысалы ғылыми кітап оқып ұйқысырай бастасаңыз, қосымша конспект жазып көріңіз. Осылайша зейін концентрациясын арттыруға болады.

Ештеңе істемеңіз

Прокрастинация термині таныс болар? Бұл – шаруа істемеу үшін уақыт созу, миды басқа ермекпен алдау. Ертеңгі жауапты шаруаға дайындалудың орнына Facebook лентасын ақтарып отырған кезіңіз болған шығар. Келесіде прокрастинация белгілерін байқай бастасаңыз, ештеңе істемеңіз. Миыңыз бен қолыңызды босатып, ештеңеге алаңдамай тыным тауып отырып көріңіз. Прокрастинацияға қарағанда адамның қолы бос болса, жұмысқа құлшыныс сәл де болса оянады. 

Өзіңізге ұрыспаңыз

Уақыт созып, іске әлі көшпедім деп өзіңізді жей бермеңіз. Бұлай тағы уақыт құртып алуға болады. Тым қапаланған жағдайда ойларыңызды қағазға түсіріп, негатив ойлардан арылыңыз.

Сағатқа қараңыз

Шаршап, көңілді басқа нәрсеге аудару керек пе? Сағатқа бір қарап алып, тағы 20 минут жұмыс істеп көріңіз. Одан кейін үзіліс жасамай тағы 15 минут жұмыс істеңіз. Түбінде бір үзіліс жасайтыныңыз анық. Бірақ мұндай техника жұмыс өнімділігінің интервалын ұзартуға көмектеседі. Өзіңізді спортзалда жаттығып, көтеретін салмағыңызды біртіндеп арттыратыныңызды ойша елестетіп көріңіз.

Сәтті істеріңізді естен шығармаңыз

Ақыл-ой еңбегін қажет ететін іске кіріскенде өзіңіз бұған дейін небір ауыр істі сәтті еңсергеніңізді еске алыңыз. Ал егер мұндай тәжірибеңіз болмаса, жұмысты аз-аздан бастап, біртіндеп сенімді бола түсіңіз.

Қауіп пен қорқыныштан қашпаңыз

Қорқыныш пен қауіптің нашар сезім екенін білеміз. Алайда жүйке жүйесінің симпатикалық әсері жағынан оларды құмарлыққа ұқсатуға болады. Күрделі шаруалар жүйкені тоздырып жіберуі мүмкін, бірақ оны сәтті аяқтағандағы ләззатқа ештеңе жетпейді. Алаңдатпайтын, қауіп пен қорқыныш тудырмаған нәрсе адамды шын қуанта алмайды.

 

0
Рейтинг: +1

Дайындаған: Әлібек Оразбай
Фото: freepik.com
Қосылған күні: 18 қараша, 11:02

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.