Мынадай кеңестерге құлақ аспаңыз

Мынадай кеңестерге құлақ аспаңыз
Фото: pixabay.com

Қазір бәрі ақылды. Қай жазбаны оқысаңыз да, қай жерге барсаңыз да былай істемеңіз, осылай істеңіз деп елге ақыл үйретіп жүрген адамды көресіз. Біз сіздерге бүгін кері ақыл айтамыз.

Көлігіңіз ескіріп қалмай тұрғанда сатып жіберіңіз
Не үшін сату керек екен? "Атың жаман болса сатып құтыласың" деген, ал көлік ескірсе неге оны бірден жаманға балау керек? Көлікті тек жөндеуге шектен тыс көп ақша жұмсайтын жағдайда ғана сатып жіберуге болады.

Тауарды артығымен сатып алып, науқандарға қатысыңыз
Америка зерттеушілері жүргізген тәжірибеде көптеген отбасы тауарды көтерме бағамен аламыз деп біраз қажетсіз нәрсе алып тастайтыны дәлелденген. Адамдар кейін көп жұмсамау үшін қазір біраз жұмсап қалуға үйренген. Ал науқандық (акция) тауарлардың көпшілігі «арзанның сорпасы татымайды» дегеннің керін келтіреді.

Депозитке ақша жинап, үй алыңыз
Үй алу үшін оның жөндеу жұмыстары, салық, коммуналдық қызметтері бар екенін де естен шығармаңыз. Егер үй алғаннан кейін артық қозғала алмай қалатыныңызды сезсеңіз, асықпаған жөн.

Қарызды достарыңыздан не туыстан алыңыз
Егер жедел түрде ақша қажет болса, дос-туысты жағалайтынымыз белгілі. Алайда қазір қарызға ақша беретін басқа да нұсқалар көп. Ақша жүрген жерде ұрыс-керіске де орын табылып қалуы ықтимал, бұл сізге керек пе?

Үнемдегіңіз келсе, барлығын қолдан жасаңыз
Иә, кей нәрселерді өз қолымызбен жасап алуға болады. Алайда оған кететін уақыт пен сапасы сол үнемдегеніңізге тати ма, осыны ойланып алыңыз.

@. @assel_assanova